Қазіргі уақытта мұнай-газ өнімдері энергияны тұтынуда отынның негізгі көзі ретінде әрекет ететіндіктен, қабаттың ауыр мұнайын игерудің перспективалық тәсілдері маңызды рөл атқарады. Көп қолданыстағы дәстүрлі мұнай өндіру әдістері тұтқыр мұнайларды өндіруде қажетті нәтиже бермейді, ал кейбір жағдайларда қолайсыз болып келеді.
Өндірілетін мұнай қорларының күрт төмендеуі- өндірілуі қиын мұнай көлемінің өсу салдарынан, геофизикалық жағдайлары күрделі кен орындарының ұлғаюынан және де тұтқырлығы жоғары карбонатты коллекторлардың артуынан туындап отыр. Осындай жағдайлардағы игерілетін мұнайдың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, қабатқа әсер етудің жаңа жабдықтары мен технологияларын іздестіру, оны өндіріске енгізу негізгі міндет болып табылады.
Өңделетін қабаттың геологиялық-физикалық қасиеттерін зерттеу, өндіру процесіне қатысатын факторларға көңіл бөлу арқылы тұтқырлығы жоғары мұнайдың өнімділігін арттырудың жаңа жоғары тиімді экономикалық тиімді технологияларын қарастыруға мүмкіндік береді.
Мақалада тұтқыр мұнайлы кен орындарда көмірқышқыл газын пайдалану арқылы өнімділікті арттыру зерттеулері, сипатталған әдістің ерекшеліктері, әртүрлі параметрлерге байланысты өзгерістері қарастырылады.
ТҰТҚЫР МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ШАРТТАРЫН ТАЛДАУ
тұтқырлығы жоғары мұнай, өндіру, қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру, көмірқышқыл газы, ерігіштік коэффициенті, кен орындарын игеру, технологиялар
ТҰТҚЫР МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ШАРТТАРЫН ТАЛДАУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 74(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/102