МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ӘСЕРІ

Жарияланды 2026-06-30
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • НУРЛИН А.К.
PDF

Бұл мақалада миграциялық процестердің қоғамдық тәртіптің жай-күйіне әсері қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында көші-қон үдерістері мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, демографиялық ахуалына және қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне елеулі ықпал етуде. Қазақстан Республикасы Орталық Азия өңіріндегі миграциялық ағындардың маңызды орталықтарының бірі болғандықтан, көші-қон мәселелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында ерекше маңызға ие.

Зерттеу барысында ішкі және сыртқы миграцияның негізгі түрлері, олардың пайда болу себептері және қоғамдық қауіпсіздікке ықпалы талданды. Сонымен қатар заңсыз миграцияның құқықтық тәртіпке әсері, мигранттардың әлеуметтік бейімделу мәселелері, жұмыспен қамтылуы және құқық қорғау органдары қызметінің рөлі қарастырылды. Автор миграциялық процестердің оң және теріс салдарын жүйелі түрде сипаттап, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және құқықтық бақылауды күшейту мәселелеріне назар аударады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық және талдамалық әдістер құрайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, халықаралық құқықтық актілер мен ғылыми еңбектер негізінде миграциялық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар көші-қон саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру, ақпараттық жүйелерді дамыту және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қарастырылды.

Зерттеудің практикалық маңызы құқық қорғау органдары қызметін жетілдіру, миграциялық бақылау тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстармен айқындалады.

НУРЛИН А.К.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

E-mail: Akylbek0979@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-7134-4992

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2024.
  2. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 22 шілде 2011 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы: Юрист, 2024.
  4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Алматы: Юрист, 2024.
  5. Butcher K.F., Piehl A.M. Why Immigrants’ Incarceration Are Rates So Low?. NBER Working Paper. 2007. №13229.
миграция, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, интеграция, мигранттар, әлеуметтік тұрақтылық, криминогендік жағдай