14-16 ЖАСТАҒЫ ШАҢҒЫШЫ-ЖАРЫСУШЫЛАРДЫҢ МАКРОЦИКЛДІҢ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚОЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2026-09-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • КАЙНАЗАРОВ Н.Д.
  • ӨТЕГЕНОВ Н.Ө.
PDF (Russian)

Мақалада 14-16 жастағы шаңғышы-жарысушылардың жылдық дайындық циклі құрылымындағы қалпына келтіру кезеңінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға бағытталған тәсілді ғылыми негіздеу, әзірлеу және эксперименттік апробациялау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі қалпына келтіру кезеңінде жас спортшылардың дене дайындығы деңгейін сақтаудың тиімді құралдарын іздестіру қажеттілігімен айқындалады. Дайындықтың аталған кезеңі дәстүрлі түрде жаттығу жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығының төмендеуімен сипатталады, бұл көбінесе спортшылардың функционалдық және дене дайындығы көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келеді. Аталған мәселе спортшыларды даярлаудың қазіргі заманғы көпшыңды жүйесі жағдайында ерекше маңызға ие. Бұл жүйе жазғы жарыс кезеңінде (шаңғы роллерлеріндегі жарыстарда), сондай-ақ маусымның негізгі қысқы жарыстарында спорттық дайындықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуді көздейді.

Әзірленген тәсілдің негізіне жылдық дайындық циклі құрылымында пассивті демалыс кезеңінен бас тарту қағидаты алынған. Авторлар қалпына келтіру кезеңіндегі жаттығу сабақтарының құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырушылық-әдістемелік ерекшеліктерін ұсынған. Олар ағзаның функционалдық жағдайын тұрақты деңгейде ұстап тұруға, арнайы дене дайындығының қол жеткізілген деңгейін сақтауға және дайындықтың кейінгі кезеңдеріне біртіндеп әрі бірқалыпты өтуді қамтамасыз етуге бағытталған. Әдістеме спортшылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, аэробтық және жылдамдық-күштік бағыттағы жаттығу жүктемелерін оңтайлы мөлшерлеуді, сондай-ақ жалпы және арнайы дене дайындығы құралдарын кешенді түрде қолдануды қарастырды.

КАЙНАЗАРОВ Н.Д.

Магистр, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: nkainazarov@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0005-6820-758X

ӨТЕГЕНОВ Н.Ө.

Магистр, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: notegenov@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-4573-8984

  1. Камаев О.И., Кривенцов А.Л. Теоретические и методические основы индивидуализации спортивной подготовки юных лыжников-гонщиков // Педагогика, психология и медико-биологические проблемы физического воспитания и спорта. – 2009. – № 4 – C. 47-50.
  2. Гибадуллин И.Г. Планирование тренировочного процесса лыжников-гонщиков 9-11 лет // Педагогико-психологические и медико-биологические проблемы физической культуры и спорта. – 2015. – № 1 (34). – С. 32-36.
  3. Михалев В. И. Современная лыжная техника: сочетание мощности и экономичности (по данным зарубежной литературы) / В. И. Михалев, Ю. В. Корягина, О. С. Антипова [и др.] // Ученые записки университета им. Лесгафта. – 2015. – № 4 (122). – С. 132-139.
  4. Кузнецова И.А., Щапов Е.В. Специальная работоспособность лыжников-гонщиков 16-17 лет при одновременном бесшажном ходе //Наука и спорт: современные тенденции.- 2017. - № 3 – С. 27-32
  5. Попов Д. В. Физиологические основы оценки аэробных возможностей и подбора тренировочных нагрузок в лыжном спорте и биатлоне / Д. В. Попов, А. А. Грушин, О. Л. Виноградова. – М. : Советский спорт, 2014. – 78 с.
  6. Haugen T., Paulsen G., Seiler S., Sandbakk O. New records in human power // Internatonal Journal of Sports Physiology and Performance. – 2017. – №5. – Р. 1-27.
шаңғышы-спортшылар, қалпына келу кезеңі, макроцикл, дене дайындығы, функционалдық жағдайы, дене кондициясы