Ақтөбе өңірінде өсірілген шырғанақ жемісінің ерекшеліктерін ескере отырып, дәруменге бай сироп өндірудің тиімді технологиялық шешімдері ұсынылады. Дәрумендердің сақталуын арттыруға мүмкіндік беретін оңтайлы өңдеу режимдері анықталып, өнімнің сапалық көрсеткіштеріне технологиялық факторлардың әсері ғылыми тұрғыдан негізделеді. Сонымен қатар жергілікті шикізат негізінде функционалды тағам өнімі ретінде жаңа сироп рецептурасы әзірленіп, оның тағамдық және биологиялық құндылығы бағаланады.
Зерттеу барысында Ақтөбе өңірінде өсетін теңіз шырғанағының жемісін өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бірінші тарауда шырғанақ жемісінің ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және тағамдық құндылығы толық қарастырылды.
Екінші тарауда Ақтөбе өңірінің шырғанақ өнімдерін өңдеуге қатысты зерттеу нәтижелері көрсетілді. Шикізатты алдын ала өңдеу әдістері - жуу, сорттау, калибрлеу, ұнтақтау - өнімнің сапасын қамтамасыз ететін алғашқы маңызды қадамдар болып табылады.
Үшінші тарауда дайын өнімнің сапасын бағалау және технологиялық тиімділікті талдау жасалды. Шырғанақ сиропын өндірудің заманауи технологиялық әдістері ультрадыбыстық өңдеу, мембраналық сүзу, вакуумдық буландыру және пастеризация - өнімнің биологиялық құндылығын сақтауға, микробиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және дәмдік қасиеттерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері өңірлік өсімдік шикізатын терең өңдеу бағытындағы ғылыми деректер қорын толықтыруға ықпал етеді.
АЛМАНОВ Ж.Т.
Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: almanovzaksylyk@gmail.com, https://orcid.org/0009-0001-4311-5508
СЕИТОВА Д.А.
Студент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: dseitova04@mail.ru, https://orcid.org/0009-0005-8972-4770
- Thomas, S.C., Schroeder, W,R., Sea Buckthorn (Hippophae rhamnoides L.): A Multipurpose Plant. HortTehnology, 1996. Volume 1. Issue 6(4). 370-380. https://www.researchgate.net/publication/267095403_Sea_Buckthorn_Hippophae_rhamnoides_L_A_Multipurpose_Plant DOI: https://doi.org/10.21273/HORTTECH.6.4.370
- Duozhuoga, M., Xiaojie, M., Fangfang F., Fuliang, C., Research Status and Development Prospects of Sea buckthorn (Hippophae rhamnoides L.) Resources in China. Forests 2023. Volume 18. https://doi.org/10.3390/f1412246
- Жетпісбай Ж. Жеміс-жидек дақылдарын өсіру технологиясы. Астана, 2009. 360 б.
- Аяпов Қ., Тәжiбаев Т., Ахметова Ф., Мәжитова Р., Кампитова Г., Тұрбекова А. Жидек дақылдары және олардың өнiмдерiн қайта өңдеу. Алматы, 2000. 130 б.
- Әлтайұлы С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу негіздері: оқу құралы. Астана, 2016. 168 б.
- Virendra, S., Rajesh, Kr. Micropropagation of Seabuckthorn (Hippophae rhamnoides L.) Seabuckthorn (Hippophae L.): A Multipurpose Wonder Plant, (V. Singh, Editor-in-Chief, 2008). Volume 3. 3-13.
- Әбдірахманов Ә. Тағамдық биохимия. Алматы: Агроуниверситет баспасы, 2017. 280 б.
- Сатыбалдин А. Өсімдік физиологиясы. Алматы, 2015. 265 б.
