ЖОО-ДА ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ «ҚАНЫҚҚАН ЖӘНЕ ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР» МОДУЛІН ВИЗУАЛДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ (MIND MAPPING ЖӘНЕ CONCEPT MAPPING ӘДІСТЕРІ) НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жарияланды 2026-03-31
ПЕДАГОГИКА Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • СЕРІКОВ А.М.
  • БЕКТУРГАНОВА Н.Е.
  • ДУЗЕЛБАЕВА С.Д.
PDF

Мақалада органикалық химия пәнінің күрделі тақырыптарын жоғары оқу орнында оқыту барысында mind mapping және concept mapping әдістерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған визуалды оқыту әдістерінің студенттердің оқу материалын түсінуіне, жүйелеуіне және меңгеру деңгейіне ықпалын анықтау. Зерттеу 6В05302 – «Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері арасында жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу әдістерінің бірі ретінде сауалнама қолданылып, тәжірибелік жұмысқа дейінгі бастапқы және тәжірибелік жұмыс аяқталғаннан кейінгі қорытынды сауалнама нәтижелері салыстырмалы түрде талданды. Бастапқы сауалнама органикалық химияны меңгерудегі негізгі қиындықтарды және студенттердің тиімді деп есептейтін оқыту әдістерін анықтауға бағытталды. Қорытынды сауалнама бақылау және эксперименттік топтарда бөлек жүргізіліп, визуалды әдістердің оқу процесіне әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері mind mapping және concept mapping әдістерін қолдану студенттердің оқу материалын құрылымдауына, теориялық ұғымдар арасындағы байланысты түсінуіне және пәнге қызығушылығының артуына оң ықпал ететінін көрсетті. Мақала материалдары органикалық химияны оқыту үдерісін жетілдіруге және визуалды оқыту әдістерін практикада қолдануға әдістемелік негіз бола алады.

СЕРІКОВ А.М.

«7М01504-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «Химия және тағам технологиясы» кафедрасының 2 курс магистранты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: a_ser03@list.ru, https://orcid.org/0009-0002-7467-2216

БЕКТУРГАНОВА Н.Е.

Химия ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылым және инновация жөніндегі проректоры, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль - жол институты, Алматы қ., Қазақстан.

E-mail: bektur_n@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3062-3340

ДУЗЕЛБАЕВА С.Д.

Магистр, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: Sduzelbayeva@bk.ru, https://orcid.org/0000-0003-3752-8119

  1. Серіков А.М., Бектурганова Н.Е. Mind mapping және concept mapping әдістерін органикалық химияның күрделі тақырыптарын түсіндіруде қолданудың әдістемелік негіздері // In the World of Science and Education. – 2025. – 110–118. – https://doi.org/10.5281/zenodo.17864033
  2. Долженкова В. И. Теоретические основы визуального обучения // Проблемы педагогики. – 2015. - №4 (5). – 1–5 с. [Электронный ресурс]. – https://cyberleninka.ru/article/n/ teo-reticheskie-osnovy-vizualnogo-obucheniya
  3. Shi Y., et al. Effects of mind mapping-based instruction on student cognitive learning outcomes: a meta-analysis // Asia Pacific Education Review. – 2023. – Т. 24. – № 3. – P. 303–317.
  4. Stokhof H., de Vries B., Bastiaens T., Martens R. Using mind maps to make student questioning effective: Learning outcomes of a principle-based scenario for teacher guidance // Research in Science Education. - 2020. - Vol. 50. - No. 1. - 203–225 p.
  5. Ho Y. R., Chen C. H., Huang Y. M., Chao H. C. The distance between the humanities and medicine: Building a critical thinking mindset by interdisciplinary dialogue through mind mapping // Thinking Skills and Creativity. - 2023. - Vol. 50. - Art. 101420.
  6. Chu S. T., Chang C. C., Tu Y. F. Concept maps in technological contexts of higher education: a systematic review of selected SSCI publications // Educational Technology Research and Development. – 2025. – P. 1–22.
  7. Kandula U. R., Wake A. D. The conceptual mapping and its importance in nursing education and practice // IJCEM. - 2021. - Vol. 7. - No. 4. - 86–90 p.
  8. Серіков А.М. Органикалық химияны оқытуда визуалды оқыту әдістерін қолдану: шолу // «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы»: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Қазақстан, Атырау қ., 7 сәуір 2025 ж. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасы (ASU Press), 2025. – Б. 329–337. – ISBN 978-601-262-587-5.
  9. Дружинина А. А., Гарашкина, Н. В. Исследование развития навыков системного мышления студентов педагогических направлений подготовки на основе стратегии когнитивного картирования // Science for Education Today. – 2023. - №13 (4). – 53–75 с. [Электронный ресурс]. – https://cyberleninka.ru/article/n/issledovanie-razvitiya-navykov-sistemnogo-mysh-leniya-studentov-pedagogicheskih-napravleniy-podgotovki-na-osnove-strategii
  10. Jackson E. B. Concept mapping: Developing critical thinking through mind mapping //Tersedia pada http://www.westpoint.edu/cfe/EJackson_16 (diakses tanggal 17 Juni 2023). – 2016.
  11. Ramasubramaniam S., Nair V. G., Chaudhary P. A narrative review of literature; are mind and concept maps effective methods to teach nursing students? // J. Cardiovasc. Dis. Res. - 2021. - Vol. 12. - No. 5. - 2178–2189 p.
  12. Михайлова С. Е. Учёба и новые технологии. Mind-mapping как эффективный прием оптимизации учебно – познавательной деятельности // Вестник военного образования. – 2022. - №3 (36). – 1–5 с. [Электронный ресурс]. – https://cyberleninka.ru/article/n/ uchyoba-i-novye-tehnologii-mind-mapping-kak-effektiv-nyy-priem-optimizatsii-uchebno-pozn avatelnoy-deyatelnosti
  13. Куликова В. В. Ментальная карта как метод обучения // Карельский научный журнал. – 2021. - №1 (34). – 29–32 с. [Электронный ресурс]. – https://cyberleninka.ru/article/n/mental naya-karta-kak-metod-obucheniya
  14. Sunday O. J., Ojelabi A. O., Akinola O. O., Adebayo O. O. The effects of concept mapping experience, feedback timing, and motivation on students’ learning outcomes // Learning and Motivation. — 2025. — Vol. 92. — Art. 102201.
органикалық химия, визуалды оқыту әдістері, mind mapping, concept mapping, көмірсутектер, когнитивтік дағдылар, жоғары оқу орны

Дәйексөзді қалай келтіруге болады