Ауызекі сөйлеу тілі – негізінен дайындықсыз, бейресми қарым-қатынас жағдайларында тікелей араласу арқылы ауызша түрде қолданылатын тілдің бір түрі. Ауызекі сөйлеу тілінің негізгі саласы – бейресми ортада өтетін күнделікті қарым-қатынас. Ауызекі сөйлеу тілі синтаксисін зерттеу – қазіргі лингвистикадағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ауызекі сөйлеу тілі лингвистикасы саласы ғалымдардың ерекше назарын аудартуда, себебі бұрын ауызекі сөйлеу тілі тәуелсіз лингвистикалық объект ретінде қарастырылмай, тек жазба тілге қарама-қарсы стандартты емес тіл формасы ретінде қарастырылған. Тілдік құзыреттіліктің маңызды талабы – тілдің функционалдық түрлерін ажырата білу, олардың кез келгенін еркін қолдану және коммуникациялық тапсырмаларға сәйкес қай тілдік түрді таңдау керектігін анық түсіну. Ауызекі сөйлеу сияқты әдеби емес тіл формасы мен әдеби тіл арасындағы негізгі айырмашылықтардың бірі – көп жағдайда тілдің әртүрлі нұсқаларын ажырату қиын болуы.
КУЩАНОВА А.Н.
PhD, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: ainur.kuchshanova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-1730-2032
ЭКИДЖИ М.
PhD, профессор, Эгей университеті, Измир қ., Түркия
E-mail: metin.ekici@ege.edu.tr, https://orcid.org/0000-0002-9400-8462
ТӨЛЕГЕНОВА Г.Ғ.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: gtolegenova85@mail.ru, https://orcid.org/0009-0003-1061-6538
- Zemskaya E.A. Russkaya razgovornaya rech': lingvisticheskij analiz i problemy obucheniya. - 2-e izd., pererab., dop. M.: «Russkij yazyk», 1997. 226 s.
- Vinogradov V. V. O teorii hudozhestvennoj rechi. M., 1991. 240 s.
- Matveeva T. V. Funkcional'nye stili v aspekte tekstovyh kategorij. M., 2000. 172 s.
- Khalizev V.E. Teoriya literatury. M.: Akademiya, 2009. 438 s.
- Kagan M.S. Filosofiya kul'tury. Sankt Peterburg, 1996. 416 s.
- Zolotova G.A. Kommunikativnye aspekty sintaksisa. 6-e izd. M.: URSS, 2010. 368 s.
- Vsevolodova M.V. Teoriya funkcional'no-kommunikativnogo sintaksisa. M.: URSS, 2016. 656 s.
- Shalabaev B. Korkem proza tіlі. Almaty: Bіlіm, 1994. 124 b.
- Turaeva Z. Ya. Lingvistika teksta. M.: Prosveshenie, 1996. 107 s.
- Kupina A.N. Lingvisticheskij analiz hudozhestvennogo teksta. M., 1980. 192 s.
- Gal'perin I. R. Tekst kak ob"ekt lingvisticheskogo issledovaniya. M.: Nauka, 1991. 183 s.
