Мақалада үш жастағы аутистік спектр бұзылысы бар балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте қолдау көрсетудің маңыздылығымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – үш жастағы аутистік спектр бұзылысы бар балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды ғылыми тұрғыдан негіздеу және тиімді әдістерді жүйелеу. Зерттеу барысында аутистік спектр бұзылысы бар балалардың коммуникативтік даму ерекшеліктеріне арналған отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Сонымен қатар ерте араласу бағдарламаларының, табиғи ортаға негізделген дамытушы-мінез-құлықтық араласулардың (NDBI), ерте жастағы балаларға арналған Денвер моделінің (Early Start Denver Model – ESDM), негізгі реакцияларды дамыту әдісінің (Pivotal Response Treatment – PRT), сондай-ақ баламалы және қосымша коммуникация (AAC) технологияларының мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру, жүйелеу және педагогикалық тәжірибені жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ерте диагностика, жеке бағдарланған оқыту, ойын технологияларын қолдану, визуалды қолдау көрсету, табиғи ортада қарым-қатынас жағдаяттарын ұйымдастыру және отбасының белсенді қатысуы үш жастағы аутистік спектр бұзылысы бар балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың негізгі педагогикалық шарттары ретінде айқындалды. Мақала материалдары арнайы педагогтерге, логопедтерге, психологтерге және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-әдістемелік тұрғыдан пайдалы болуы мүмкін.
ОРЫНҒАЛИЕВА Г.А.
«Арнайы педагогика» ББ докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Е-mail: niazovnag@mail.ru, https://orcid.org/0009-0007-8397-700X
АХМЕТЗЯНОВА А.И.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан федералдық университеті, Қазан қ., Ресей Федерациясы
Е-mail: ah_anna@list.ru, https://orcid.org/0000-0002-4962-0011
- Lord C., Brugha T.S., Charman T., et al. Autism spectrum disorder. Nature Reviews Disease Primers, 2020. Volume 6, Issue 5. https://doi.org/10.1038/s41572-019-0138-4
- Fuller E.A., Kaiser A.P. The effects of early intervention on social communication outcomes for children with autism spectrum disorder: A meta-analysis. Journal of Autism and Developmental Disorders, 2020. Volume 50. Issue 5. 1683–1700. https://doi.org/10.1007/s10803-019-03927-z.
- Dawson G., Rogers S., Munson J. et al. Randomized, controlled trial of an intervention for toddlers with autism: The Early Start Denver Model. Pediatrics, 2009. Volume 125, Issue 1. e17–e23. https://doi.org/10.1542/peds.2009-0958.
- Schreibman L., Dawson G., Stahmer A.C. et al. Naturalistic developmental behavioral interventions: Empirically validated treatments for autism spectrum disorder. Journal of Autism and Developmental Disorders, 2015. Volume 45. 2411–2428. https://doi.org/10.1007/s10803-015-2407-8
- Инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін дамыту бойынша (мәдениет, саясат, практика) әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2024.–192 б. [Электрондық ресурс]. – Қолжетімділік режимі:
- https://uba.edu.kz/storage/app/media/INKLUZIA%20%20KAZ%20%20KAZ%20%20KAZ%2029.03.2024.pdf (қаралған күні: 24.05.2026).
- Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы. – Астана, 2022. [Электрондық ресурс]. – Қолжетімділік режимі: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/197270/kaz (қаралған күні: 26.05.2026).
- Sandbank M., Bottema-Beutel, K., Crowley LaPoint, S. et al. Autism intervention meta-analysis of early childhood studies (Project AIM): Updated systematic review and secondary analysis. BMJ, 2023. Volume. 383. e076733. https://doi.org/10.1136/bmj-2023-076733
- Fuller, E.A., Kaiser, A.P. The effects of early intervention on social communication outcomes for children with autism spectrum disorder: A meta-analysis. Journal of Autism and Developmental Disorders, 2020. Volume 50. 1683–1700. https://doi.org/10.1007/s10803-019-03927-z.
- Koegel R.L., Koegel L.K. The PRT Pocket Guide: Pivotal Response Treatment for Autism Spectrum Disorders. – Baltimore: Brookes Publishing, 2012. – 195 p.
- Prizant B.M., Wetherby A.M., Rubin E., Laurent A.C., Rydell P.J. The SCERTS Model: A Comprehensive Educational Approach for Children with Autism Spectrum Disorders. – Baltimore: Brookes Publishing, 2006. – 744 p.
- Howlin P. The effectiveness of interventions for children with autism. Journal of Neural Transmission, 2005. Volume 112. 1011–1021. https://doi.org/10.1007/3-211-31222-6_6.
- Fang Z., Liu X., Zhang C., Qiao D. Early childhood interventions in educational settings that promote school readiness for children with autism and other developmental disabilities: Systematic review. Research in Autism Spectrum Disorders, 2023. Volume 108. 102257.
- Reichow B., Volkmar F. R., Cicchetti D.V. Development of the Evaluative Method for Evaluating and Determining Evidence-Based Practices in Autism. Journal of Autism and Developmental Disorders, 2011. Volume 41. 737–748. https://doi.org/10.1007/s10803-007-0517-7
- Kasari C., Gulsrud A., Wong C., Kwon S., Locke J. Randomized controlled caregiver mediated joint engagement intervention for toddlers with autism. Journal of Autism and Developmental Disorders, 2010. Volume 40. 1045–1056. https://doi.org/10.1007/s10803-010-0955-5
- Кошербаева Л.К., Исмагулова С.К., Кожагельдиева Л.Х., Ахтаева Н.С., Пена-Бокиете Й. Қазақстан мектептерінде аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға білім беретін педагогтардың дайындығы туралы мәселелер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 2024. 146(1), 71-83. https://doi.org/10.32523/2616-6895-2024-146-1-71-83
