АҚСУ КЕНІШІНДЕГІ БҰРҒЫЛАУ-ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды 2026-09-30
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • ИМАНГАЗИН М.К.
  • СӘНДІБЕКОВА Л.Т.
PDF

Мақала Ақмола облысындағы Кварцит Таулар кен орнының Ақсу кенішінде жүргізілетін бұрғылау-жару жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын кешенді түрде талдауға бағытталған. Жұмыстың мақсаты - кеніштің геологиялық және технологиялық жағдайларын ескере отырып, бұрғылау-жару параметрлерін жетілдірудің тиімді бағыттарын ғылыми тұрғыдан негіздеу. Жұмыс барысында тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері, бұрғылау жұмыстарының сапасы, жарылыстан кейінгі тау массасының кесектілігі және заманауи цифрлық бақылау мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, тау жыныстарының бұрғыланғыштығын бағалау үшін бұрғылау кезіндегі меншікті энергия шығынын қолдану әдістеріне баса назар аударылды. Зерттеудің осы кезеңінде геологиялық жағдай, бұрғылау сапасы, бұрғылау-жару параметрлері, жару нәтижесіндегі кесектілік және цифрлық бақылау мүмкіндіктері талданды. Әдебиеттегі зерттеулермен салыстыруда бұрғылау кезіндегі меншікті энергия шығынын тау жыныстарының бұрғыланғыштығын бағалау және жару параметрлерін бейімдеу құралы ретінде қолдану мүмкіндігіне назар аударылды. Жүргізілген талдау бұрғылау торының параметрлерін, ұңғыма өлшемдерін және жарылғыш заттың меншікті шығынын тау массивінің қасиеттеріне қарай өзгертіп отыру қажеттігін көрсетті. Зерттеу қазіргі уақытта аналитикалық кезеңде болғандықтан, нақты өндірістік тиімділік көрсеткіштері келесі кезеңде тәжірибелік деректер негізінде бағалануы тиіс. Аталған бағыттарды өндірістік жағдайда қолдану бұрғылау-жару жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға және олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

ИМАНГАЗИН М.К.

Техника ғылымдарының кандидаты, ассоциированный профессор (доцент), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: mimangazin@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-4228-6380

СӘНДІБЕКОВА Л.Т.

Магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: sandibekova.larisa@gmail.com, https://orcid.org/0009-0000-8010-9249

  1. Игизбаев А.А., және т.б. Бұрғылау-жару жұмыстарының шығындарын төмендету мақсатында карьер алаңдарын бұрғыланғыштық және жарылғыштық қасиеттері бойынша аймақтарға бөлу. // Новости науки Казахстана. - 2022. - №3.
  2. Имангазин М.К., Кожамуратова Л.К., Байжанова Д.К. Совершенствование эффективности буро-взрывных работ на месторождении Жолымбет АО «ГМК Казахалтын» // Вестник Актюбинского регионального университета им. К. Жубанова. - 2024. -Т. 78. - №4. - С. 67-72. - DOI: 10.70239/arsu.2024.t78.n4.07.
  3. Тян С.Г., Ожигин С.Г., Долгоносов В.Н., Ожигина С.Б., Старостина О.В. Исследование удельной энергоемкости бурения для оптимизации технологических параметров буровзрывных работ // Физико-технические проблемы разработки полезных ископаемых. - 2025. - №1. - С. 89-99. - DOI: 10.15372/FTPRPI20250108.
  4. Тян С.Г., Макаров А.Б., Долгоносов В.Н., Ольховская Е.Ю., Балпанова М.Ж. Прогноз кусковатости взорванной горной массы с использованием энергетических показателей бурения на месторождении Коктасжал // Физико-технические проблемы разработки полезных ископаемых. - 2025. - №4. - DOI: 10.15372/FTPRPI20250406.
  5. Сералиев Е.Т., Искаков Е.Е., Бахрамов Б.А., Кенесов Ж.Г. Оптимизация дробления руды при разработке золотoрудных месторождений открытым способом // Горный журнал Казахстана. - 2024. - №12. -С.4-9. DOI: 10.48498/minmag.2024.236.12.002.
  6. Кутузов Б.Н., Белин В.А. Проектирование и организация взрывных работ - Москва: горная книга, 2012. - 416 с.
  7. Ржевскии В.В. Открытые горные работы. Часть1. - Москва: Недра, 1985. - 509 с.
  8. Teale R. The concept of specific energy in rock drilling // International Journal of Rock Mechanics and Mining Sciences. - 1965. - Vol. 2. - P. 57-73.
бұрғылау-жару жұмыстары, Ақсу кеніші, тау жыныстары, бұрғылау, жару, ұсақтау, кесектілік, тиімділік