Мақалада география сабақтарында тұрақты даму мәселелерін зерттеуге бағытталған жобалық тапсырмалар жүйесін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – тұрақты даму үшін білім беру, жобалық оқыту және зерттеушілік оқыту бағыттары бойынша ғылыми еңбектерді талдау негізінде география пәнінде қолданылатын жобалық тапсырмалардың мазмұны мен құрылымын айқындау. Зерттеу барысында жүйелі әдебиеттік шолу, ғылыми еңбектерді салыстырмалы талдау және контент-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалдары ретінде отандық және шетелдік ғылыми жарияланымдар, UNESCO құжаттары және білім беру саласындағы нормативтік материалдар пайдаланылды. Әдебиеттерді талдау нәтижесінде жобалық оқытудың оқушылардың зерттеушілік, сыни ойлау, коммуникативтік және проблемаларды шешу дағдыларын дамытудағы әлеуеті анықталды. Сонымен қатар география сабақтарында тұрақты даму мәселелерін зерттеуге бағытталған жобалық тапсырмаларды әзірлеудің негізгі қағидаттары, кезеңдері, құрылымы мен мазмұны жүйеленді. Зерттеу нәтижелері тұрақты даму мәселелерін география пәнінің мазмұнымен ықпалдастыра оқытуда жобалық тапсырмалар жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырудың маңыздылығын көрсетеді. Ұсынылған құрылымдық модель жобалық тапсырмаларды оқу мақсаттарымен байланыстырып, оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері география мұғалімдерінің практикалық қызметінде, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін.
СЕЙТЖАН Д.З.
Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: seitzhan.dana@mail.ru, https://orcid.org/0009-0009-1641-0446
АБДУЛЛИНА А.Г.
PhD, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: akshunus_a@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5902-7425
- Bell S. Project-Based Learning for the 21st Century: Skills for the Future // The Clearing House: A Journal of Educational Strategies, Issues and Ideas. – 2010. – Vol. 83, No. 2. – P. 39–43. https://doi.org/10.1080/00098650903505415
- Kokotsaki D., Menzies V., Wiggins A. Project-Based Learning: A Review of the Literature // Improving Schools. – 2016. – Vol. 19, № 3. – P. 267–277. https://doi.org/10.1177/1365480216659733
- Күлбаева М.Ә., Қарбаева Ш.Ш. География сабағында жобалық оқыту технологиясын қолдану // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы. – 2022. – № 1(71). – Б. 13–17.
- UNESCO. Education for Sustainable Development: A Roadmap. Paris: UNESCO, 2020. 66 p.
- Dewey J. Experience and Education. New York: Macmillan, 1938. 96 p.
- Kilpatrick W.H. The Project Method // Teachers College Record. – 1918. – Vol. 19, № 4. – P. 319–335.
- Лайсханов Ш.У., Барат Ш.А. Географиялық білім беруде жобалық оқыту технологиясының тиімділігін зерттеу // Pedagogical Problems. – 2024. – № 3(7). https://doi.org/10.52081/PPS.2024.v07.i3.039
- Abdimanapov B.Sh., Omar A.K. The Role of Active Teaching Methods in the Development of Students' Communicative Competence in Geography Lessons // Bulletin of Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages. Series «Pedagogical Sciences». – 2026. № 1(80). – p. 533–545. https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.031
