Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орталық Азияда қалыптасқан жәдид мектептерінің білім беру жүйесіндегі орны және олардың оқыту әдістемесінің ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жәдидшілдіктің дәстүрлі мұсылмандық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ағартушылық қозғалыс ретінде қалыптасуымен және оның қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне ықпалымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – жәдид мектептерінің қалыптасу алғышарттарын анықтау, «жаңа әдістің» негізгі педагогикалық қағидаларын сипаттау және оның қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі мен алғашқы оқулықтар жасау тәжірибесіне ықпалын талдау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, тарихи-жүйелік және салыстырмалы-педагогикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалдарын жәдидизм тарихына, қазақ ағартушылығы мен Алаш қозғалысына арналған ғылыми еңбектер, сондай-ақ жәдидтік оқыту әдісі мен алғашқы қазақ оқулықтарына қатысты зерттеулер құрады. Зерттеу нәтижесінде жәдид мектептерінің басты ерекшеліктері сауат аштырудың дыбыстық әдісін енгізу, оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру, жаңа оқу құралдарын пайдалану және білім мазмұнын кеңейту бағыттарымен байланысты екені анықталды. Сонымен қатар жәдидтік педагогикалық ұстанымдардың қазақ зиялыларының оқу-ағартушылық қызметімен сабақтасып, оқушыға білімді түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізуге бағытталғаны айқындалды. Зерттеу нәтижелері жәдид мектептерін қазақ білім беру тарихындағы жаңғырту үдерістерінің маңызды кезеңдерінің бірі ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңызы жәдидтік оқыту тәжірибесін тарихи-педагогикалық зерттеулерде және Қазақстандағы ағартушылық ой тарихын зерделеуде пайдалануға байланысты.
БЕГИМБАЕВА Ж.С.
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: zbegimbayeva@zhubanov.edu.kz, http://orcid.org/0000-0002-9827-379X
ІЗБЕРГЕН Б.Ә.
1 курс магистранты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: izbergen00@bk.ru, https://orcid.org/0009-0006-3084-5436
- Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): бес томдық. 3-том. Жаңа замандағы Қазақстан / ред. алқа: Қ.С. Алдажұманов және т.б. – Алматы: Атамұра, 2002. – 765, [1] б.
- Bazarbaev, K. K., Tursyn, Kh., Sadykova, R. Jadidism as an Educational System and a Political Movement in Turkestan (Central Asia) // International Education Studies. – 2013. – Vol. 6, No. 1. – P. 85–94. – DOI: 10.5539/ies.v6n1p85.
- Өскен Ә.М. «Жәдит» әдісі және Алаш оқымыстыларының алғашқы оқулықтары // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2022. – № 2 (139). – Б. 168–176. – DOI: 10.32523/2616-678X-2022-139-2-168-176.
- Ertai Zh., Azmukhanova A. The Jadid Enlightenment Movement and the National Mission of Kazakh Intellectuals // Қазақстан шығыстануы. – 2025. – № 2, т. 14. – Б. 389–399. – DOI: 10.63051/kos.2025.2.389.
- Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – 528 б. – URL: https://ru.scribd.com/document/718394357/Алаш-қозғалысы (қаралған күні: 11.08.2026).
