АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ СӘҢКІБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ МЕН В.И. ПАЦАЕВ КӨШЕСІ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ БАҒДАРШАМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Жарияланды 2026-09-30
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • САУХАНОВ Н.С.
  • ЕШМУРАТОВ Б.У.
  • АЙТАНАТОВ А.Б.
  • ҚАБИДОЛЛА Қ.А.
  • МАНЕКЕЕВ Б.Е.
PDF

Қазақстанда бағдаршамның қосымша «+» сигналы алғаш рет 2016 жылы Астанадағы Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында пайда болды, ал ҚР ЖҚЕ-не 2017 жылы үкіметтің № 667 қаулысымен бекітілді. Мұндай қосымша «+» сигналы Астана, Петропавл, Алматы, Қарағанды қалаларының көше-жол торабының қиылыстарында 2018 жылы орнатылды.

Ақтөбе қаласында «+» белгісі бар жаңа жарық шамдар Ағайынды Жұбановтар мен М. Оспанов көшелерінің Нокин даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысында, Батыс-2 шағын аудандағы Мұстафа Шоқай көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында орнатылды. Сізге арналған плюс жанып тұрса, барлық бағытта артықшылығыңыз бар, – деп түсіндіреді ІІД жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы Еркін Өтеген. – Негізгі жасыл жарық жанғанып тұрған кезде солға бұрылатын жүргізуші қозғалысын жалғастырады, бірақ қарсы ағынды өткізеді. Ақпанда ҚР-дағы стандарттар жаңартылды.»,- деп Диапазон газетінде мақала жазылды.

Мақалада Ақтөбе қаласының көше-жол торабының жүктемесі жоғары көшелерінің бірі - Сәңкібай батыр даңғылы мен В.И. Пацаев көшесінің реттелетін қиылысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы мәселе қарастырылған. Жұмыс күндерінің «қарбалас» уақыттарда көлік ағындарының қозғалысына жүргізілген нақты зерттеу жұмыстарының барысында Сәңкібай батыр даңығылынан В.И. Пацаев көшесіне солға бұрылу маневрін орындайтын көліктердің бағдаршамның негізгі рұқсат беру белгісіне үлгермей, қиылыс алдындағы бір жолақта көліктер кептелісіне жол берілетіндігі анықталды. Зерттеу нәтижелері негізінде аталған қиылыстың өткізу қабілетін арттырып, осы бағытта кептелісті азайту және жол-көлік оқиғалары қауіпін төмендету мақсатында бағдаршамға қосымша «+» сигналын енгізу орынды шешім екені дәлелденген.

САУХАНОВ Н.С.

Техниха ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: nurgazy.saukhanov@mail.ru, https://orcid.org/0009-0004-7292-4752

ЕШМУРАТОВ Б.У.

Аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: yberdimurat@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-6743-0801

АЙТАНАТОВ А.Б.

Студент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: aitanatov.a96@mail.ru, https://orcid.org/0009-0001-5193-2153

ҚАБИДОЛЛА Қ.А.

Студент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: kkabidolla@inbox.ru, https://orcid.org/0009-0007-2025-1922

МАНЕКЕЕВ Б.Е.

Студент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: bekzat.manekeev@mail.ru, https://orcid.org/0009-0004-6901-5267

  1. Көбдікова Ш.М. Жол қозғалысын ұйымдастыру. / Оқу құралы – Алматы: ЭСПИ баспаханасы. 2023. 158 б
  2. Сауханов Н.С. Жол қозғалысын басқару әдістері. / Оқу құралы – Ақтөбе: «Принт А» баспаханасы 2020. 440 б.
  3. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері. ҚР СТ 1412-2017. Астана. 111 б.
  4. Сауханов Н.С. Жол қозғалысын модельдеу. / Монография – Ақтөбе: «Принт А» баспаханасы. 2018. 122 б.
  5. Иванов С.Е. Организация и безопасность движения: учеб. пособие / 2-е изд. – СПб.: Изд-во СЗТУ, 2011. – 2011 с.
бағдаршамдық реттеу, көлік ағынының қарқындылығы, солға бұрылу маневрі, көлік кептелісі, бағдаршамның қосымша «+» сигналы