Мақалада қазіргі инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беретін мектеп жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Италия мен Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту және оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәжірибесін салыстырмалы талдау. Зерттеуде инклюзивті білім берудің халықаралық негіздерін айқындайтын БҰҰ-ның 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенциясы мен ЮНЕСКО-ның 1994 жылғы Саламанка декларациясының маңызы қарастырылады. Еуропа елдерінің ішінде Италия инклюзивті білім беруді ерте кезеңнен бастап дамытуға бағытталған мемлекеттердің бірі ретінде сипатталады. Италияның білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өз құрдастарымен бірге жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жағдай жасалған және арнайы мектептердің үлесі біртіндеп азайған. Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді іске асыру барысында бірқатар ұйымдастырушылық және педагогикалық қиындықтар кездеседі. Мақалада Италия мен Қазақстандағы психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің нормативтік және ұйымдастырушылық ерекшеліктері, педагогтер мен арнайы мамандардың қызметі, білім беру ортасын бейімдеу және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау тетіктері салыстырылады. Зерттеу нәтижелері екі елдегі инклюзивті білім беру тәжірибесінің ортақ және ерекшеленетін тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
ТӨЛЕШОВА А.Ә.
«Арнайы педагогика бойынша мамандар даярлау» білім беру бағдарламасының докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Е-mail: akerke-91t@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0906-6164
БЕКМҰРАТ А.Т.
PhD, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасы, Педагогика және дәстүрлі өнер институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
Е-mail: bekaidos61@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-1315-5007
ПОРЕМБСКА M.
PhD, Мария Гжегожевская атындағы Арнайы Педагогика Академиясы, Варшава қ., Польша.
Е-mail: marta.poremska@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-2986-8773
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (2026 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен). – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
- Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.
- Елисеева И.Г., Аханова Ж.Б. Психолого-педагогическая поддержка школьников с особыми образовательны ми потребностями в общеобразовательной школе (уровневый подход): метод. рекомендации. – Алматы: ННПЦ РСИО, 2020. - 76 с.
- Leijen A., Arcidiacono F., Baucal A. The Dilemma of Inclusive Education: Inclusion for Some or Inclusion for All. Frontiers in Psychology, 2021. Volume 12. 633066. https://doi.org/10.3389/fpsyg.2021.633066
- Haug P. Understanding inclusive education: ideals and reality. Scandinavian Journal Disability Research, 2017. Volume 19. 206–217. https://doi.org/10.1080/15017419.2016.1224778
- Van Mieghem A., Verschueren K., Petry,K., Struyf E. An analysis of research on inclusive education: a systematic search and meta review. International Journal of Inclusive Education, 2018. Volume 24. 675–689. https://doi.org/10.1080/13603116.2018.1482012
- Kivirand T., Leijen Ä., Lepp L., Tammemäe T. Designing and implementing an in-service training course for school teams on inclusive education: reflections from participants. Education Sciences, 2021. Volume 11. 166. https://doi.org/10.3390/educsci11040166
- Ainscow M., Miles, S. Making education for all inclusive: where next? Prospects, 2008. Volume 38. 15–34. https://doi.org/10.1007/s11125-008-9055-0
- Hornby G. Inclusive special education: evidence-based practices for children with special needs and disabilities. British Journal Special Education, 2015. Volume 42. 232–252. https://doi.org/10.1111/1467-8578.12101
- Magnusson G. An amalgam of ideals – images of inclusion in the Salamanca statement. International Journal of Inclusive Education, 2019. Volume 23. 677–690. https://doi.org/10.1080/13603116.2019.1622805
- European Agency for Special Needs and Inclusive Education. EASIE: Methodology report. [Electronic resource]. – 2018. – Access mode: https://www.european-agency.org/sites/default/files/easie_methodology_report_updated_2018.pdf (date of access: 27.06.2026).
- Buchner T., Shevlin M., Donovan M. Same Progress for All? Inclusive Education, the United Nations Convention on the Rights of Persons With Disabilities and Students With Intellectual Disability in European Countries. Journal of Policy and Practice in Intellectual Disabilities, 2020. Volume 18. Issue 1. 7-22. https://doi.org/10.1111/jppi.12368
- D'Alonzo L., Canevaro A., Ianes D. L'integrazione scolastica degli alunni disabili dal 1977 al 2007. Risultati di una ricerca attraverso lo sguardo delle loro famiglie. – Bozen-Bolzano University Press, 2009. – 256 р.
- Ianes D., Demo H., Zambotti F. Integration in Italian schools: teachers’ perceptions regard ing day-to-day practice and its effectiveness. International Journal of Inclusive Education, 2014. Volume 18. Issue 6. 626–653. https://doi.org/10.1080/13603116.2013.802030
- Ianes, D., Demo, H., Dell’Anna, S. Inclusive education in Italy: Historical steps, positive developments, and challenges. Prospects, 2020. Volume 49. Issue 3-4. 249–263.
- https://doi.org/10.1007/s11125-020-09509-7
- Agrillo F., Zappala E., Aiello P. The Group-based Early Start Denver Model in the Italian educational context: a case study //In Sezione SIPeS (Eds.). Ricerca, scenari, emergenze sull’inclusione. Tomo 2. Atti del Convegno Internazionale SIRD. – Roma, 2019. – P.19-26.
- Шотыбаева Л.А., Абаева Ғ.Ә. Жалпы білім беретін мекемелерде психологиялық педагогикалық сүйемелдеу кабинет қызметінің әлеуметтік білім беру модельне сай тиімділігін көтеру шарттары. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Психология» сериясы, 2022. №1(70), 119-130. https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.19
