ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

Жарияланды 2026-06-30
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • УРАЗБАЕВ Н.А.
  • ЖЕКСЕНБАЙ Ж.Н.
PDF (Russian)

Мақалада мемлекеттік басқаруды цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының желілік инфрақұрылымын трансформациялау мәселелері қарастырылды.

Зерттеудің өзектілігі ақпараттық қауіпсіздікке, деректерді өңдеудің тиімділігіне, желілік жүйелердің тұрақтылығына және бірыңғай цифрлық орта шеңберінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарды интеграциялау қажеттілігіне қойылатын талаптардың артуына байланысты.

Жұмыстың мақсаты мемлекеттік органдардың желілік инфрақұрылымының қауіпсіздігін, басқарылуын және жұмыс істеу тиімділігін оңтайлы үйлестіруді қамтамасыз ететін архитектуралық шешімді әзірлеу болып табылады. Зерттеуде салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл және желілік архитектураны модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық базасы желілік инфрақұрылымды тікелей пайдаланушылардың сауалнамасы барысында алынған мәліметтер болды.

Желілердің физикалық бөлінуіне негізделген қолданыстағы модельге талдау жүргізілді, оның жоғары шығындары, басқарудың күрделілігі және пайдаланушылардың өнімділігінің төмендеуі сияқты кемшіліктері анықталды. Логикалық сегментацияға, vpn, DMZ технологияларын және Zero Trust принциптерін қолдануға негізделген архитектура ұсынылды.

Ұсынылған шешімді енгізу инфрақұрылым шығындарын едәуір төмендетуге, пайдаланушылардың тиімділігін арттыруға және ақпаратты қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні көрсетілген.

Ғылыми жаңалық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жағдайларына бейімделген желілік инфрақұрылымның интеграцияланған моделін әзірлеуден тұрады.

УРАЗБАЕВ Н.А.

Магистрант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан.

E-mail: nazar-urazbaev@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-6012-6295 

ЖЕКСЕНБАЙ Ж.Н.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ,асқарушы директор, «Отбасыбанк» АҚ, Астана қ., Қазақстан

E-mail: Zhexenbay@gmail.com, https://orcid.org/0009-0006-0034-3582

  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
  2. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000418
  3. № 832 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000832
  4. 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000094.
  5. NIST SP 800-207 Zero Trust Architecture https://www.isms.online/nist.
  6. ISO / IEC 27001:2013 Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі https://www.iso-cert.kz.
  7. Cisco Systems. Enterprise Network Architecture Guide
  8. https://www.cisco.com/site/us/en/learn/topics/networking/what-is-an-enterprise-network.html
цифрландыру, мемлекеттік басқару, МО БКО, VPN, DMZ, ақпараттық қауіпсіздік, Zero Trust, логикалық сегментация