ОТСАДКАЛЫҚ КЕШЕНДЕРДЕ КЕДЕЙЛЕНГЕН ХРОМДЫҚ ХВОСТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ

Жарияланды 2026-03-31
МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • ТУРГАЛИЕВ А.А.
PDF (English)

Мақалада Донской тау-кен байыту комбинатының (ДГОК) кедейленген хромдық хвостарын КПФШ-50 типті отсадкалық кешендерді қолдана отырып қайта өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу бойынша жүргізілген кешенді зерттеулер мен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелері келтірілген. Хромит кендерін байыту нәтижесінде жинақталған көлемі шамамен 3 млн тоннаны құрайтын, құрамында Cr₂O₃ мөлшері 15–25 % болатын хвостар екінші реттік шикізаттың маңызды көзі ретінде қарастырылумен қатар, іргелес аумақтарға елеулі экологиялық жүктеме түсіреді. Хромды бөліп алу тиімділігін арттыру мақсатында отсадка процесінің негізгі технологиялық параметрлері оңтайландырылды, оның ішінде пульсация жиілігін 2,0–2,5 с⁻¹ дейін арттыру, стандартты електерді саңылау ені 3 мм болатын саңылаулы електерге ауыстыру, сондай-ақ технологиялық судың шығынын реттеу жүзеге асырылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар Ақтөбе ферросплав зауыты базасында фракциялық құрамы 5–10 мм болатын хвостарды өңдеу арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Cr₂O₃ оксидінің алынуы 73,1 %-ға дейін жетіп, құрамында Cr₂O₃ мөлшері 35–51 % болатын, ферросплав өндірісінің балқыту цехтарының шихта талаптарына сәйкес келетін концентрат алынды. Әзірленген технологияның қайталанғыштығын бағалау мақсатында Ақсу ферросплав зауытында бақылау сынақтары жүргізіліп, онда Cr₂O₃ алынуы 66,7 % деңгейінде қамтамасыз етілді. Технологияны өнеркәсіптік ауқымда енгізуден күтілетін есептік экономикалық тиімділік 21 млн АҚШ долларынан асады. Ұсынылып отырған технология техногендік қалдықтарды стратегиялық минералдық шикізат санатына көшіруге мүмкіндік беріп, ресурсты үнемдеу және циркулярлық экономика қағидаттарына толық сәйкес келеді.

ТУРГАЛИЕВ А.А.

Қожды қайта өңдеу цехының бастығы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: amanturgaliev@gmail.com, https://orcid.org/0009-0005-7910-2900

  1. Папин А.В., Маликов В.И. Экологические проблемы горно-металлургического комплекса и пути их решения // Цветные металлы. – 2020. – № 5. – с. 44-49.
  2. Lottermoser, B. G. Mine Wastes: Characterization, Treatment and Environmental Impacts. – 3rd ed. – Berlin: Springer, 2010. – 400 p.
  3. Соколов А.С., Калинин Ю.О. Утилизация и переработка отходов обогащения полезных ископаемых. – М.: Горная книга, 2018. – 215 с.
  4. SHCHedrovickij P.S. Syr'evaya baza ferrosplavnoj promyshlennosti: vyzovy i vozmozhnosti // Metally Evrazii. – 2022. – № 1. – S. 34-39.
  5. Андреев С.Е., Товаров В.А. Обогащение руд и россыпей цветных металлов. – М.: Недра, 2017. – 415 с.
  6. Wills, B. A., & Finch, J. A. Wills' Mineral Processing Technology: An Introduction to the Practical Aspects of Ore Treatment and Mineral Recovery. – 8th ed. – Butterworth-Heinemann, 2015. – 512 p.
  7. Кармазин В.И., Кармазина Л.В. Гравитационные методы обогащения. – М.: Издательство МГУ, 2018. – 280 с.
  8. Временный технологический регламент ВТР 04.02.07-09-2025 «По обогащению хромосодержащих рудных материалов ДГОК на отсадочных комплексах ЦПШл». – Актобе: АО «ТНК «Казхром», АктЗФ, 2025.
хромдық қалдықтар, отсадка, байыту, бөліп алу, екінші реттік ресурстар, техногендік қалдықтар, КПФШ-50