ПСИХОЛОГ-СТУДЕНТТЕРІНІҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕГРАТИВТІ АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАБЫЛДАУЫ: ЖАРТЫЛАЙ ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН СҰХБАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жарияланды 2026-06-30
ПЕДАГОГИКА Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • НУРХАНОВА Г.Б.
  • КНИСАРИНА М.М.
PDF (English)

Мақалада психолог-студенттердің креативті құзыреттілігін қалыптастырудағы интегративті арт-терапия мүмкіндіктерін қабылдау ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың интегративті арт-терапияның шығармашылық ойлауды, эмоционалдық рефлексияны және кәсіби даярлықты дамытудағы мүмкіндіктері туралы көзқарастарын анықтау. Зерттеу сапалық тәсіл аясында жартылай құрылымданған сұхбат әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеуге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3–4 курсында оқитын 15 студент қатысты. Алынған мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялау В. Браун мен В. Кларк ұсынған тақырыптық талдау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Тақырыптық талдау нәтижесінде студенттердің креативті құзыреттіліктің мәні, интегративті арт-терапияның мүмкіндіктері, күтілетін тұлғалық және кәсіби әсерлері, шығармашылық әдістерді қолданудағы ықтимал кедергілер, сондай-ақ «Интегративті арт-терапия» пәнін енгізу перспективалары туралы түсініктерін сипаттайтын негізгі санаттар айқындалды.  Алынған нәтижелер психолог-студенттердің интегративті арт-терапия әлеуетін оң бағалайтынын және «интегративті арт-терапия» пәнін болашақ педагог-психологтардың кәсіби дайындығына қосуды қолдайтынын көрсетеді.

НУРХАНОВА Г.Б.

8D01101-Педагогика және психология блім бағдарламасының 2-курс докторанты, М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан.

Е-mail: gulmira_84_bk@mail.ru, https://orcid.org/0009-0007-8353-7514

КНИСАРИНА М.М.

Философия докторы (PhD), психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: uku_malika@mail.ruhttps://orcid.org/0000-0002-7350-1768

  1. Verbickij A.A. Kompetentnostnyj podhod i teoriya kontekstnogo obucheniya: materialy k IV zasedaniyu metodologicheskogo seminara, 2004 g. – M.: Issledovatel'skij centr problem kachestva podgotovki specialistov, 2004. – 84 s.
  2. Amabile T.M. Creativity in Context. – Boulder CO: Westview Press, 1996. – 317 p.
  3. Csikszentmihalyi M. Creativity: Flow and the Psychology of Discovery and Invention. New York: HarperCollins Publishers, 1996. – 528 p.
  4. Gardner H. Creating Minds: An Anatomy of Creativity Seen Through the Lives of Freud, Einstein, Picasso, Stravinsky, Eliot, Graham, and Gandhi. New York: Basic Books, 1993. – 464 p.
  5. Kaufman J.C., Beghetto R.A. Beyond Big and Little: The Four C Model of Creativity. Review of General Psychology, 2009. Volume 13. Issue 1. 1–12. https://doi.org/10.1037/a0013688 DOI: https://doi.org/10.1037/a0013688
  6. ZHarikbaev K. B. Psihologicheskaya nauka v Kazahstane (istoriya i etapy razvitiya v XX veke). – Almaty: Qazaq universitetі, 2002. – 308 s.
  7. Dzhakupov S.M. Psihologicheskaya struktura processa obucheniya. – Almaty: Qazaq universitetі, 2004. – 312 s.
  8. Zimnyaya I.A. Klyuchevye kompetentnosti kak rezul'tativno-celevaya osnova kompetentnostnogo podhoda v obrazovanii – M.: Issledovatel'skij centr problem kachestva podgotovki specialistov, 2004. – 38 s.
  9. Malchiodi C.A. Handbook of Art Therapy (2nd ed.) – New York: Guilford Press, 2012. – 496 p.
  10. Malchiodi C.A. The Art Therapy Sourcebook (2nd ed.). – New York: McGraw-Hill, 2007. – 276 p.
  11. McNiff S. Art Heals: How Creativity Cures the Soul. – Boston, MA: Shambhala Publications, 2020. – 256 p.
  12. Rubin J.A. Approaches to Art Therapy: Theory and Technique (3rd ed.). – New York: Routledge, 2016. p.512–528 DOI: https://doi.org/10.4324/9781315716015
  13. Braun V., Clarke V. Using Thematic Analysis in Psychology. Qualitative Research in Psychology, 2006. Volume 3. Issue 2. 77–101. https://doi.org/10.1191/1478088706qp063oa DOI: https://doi.org/10.1191/1478088706qp063oa
  14. Creswell J.W., Poth C.N. Qualitative Inquiry and Research Design: Choosing Among Five Approaches (4th ed.). Thousand Oaks, CA: Sage Publications, 2018. – 488 p.
креативті құзыреттілік, интегративті арт-терапия, психолог-студенттер, сапалық зерттеу, жартылай құрылымданған сұхбат, тақырыптық талдау, кәсіби даярлық

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ПСИХОЛОГ-СТУДЕНТТЕРІНІҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕГРАТИВТІ АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАБЫЛДАУЫ: ЖАРТЫЛАЙ ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН СҰХБАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. (2026). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 84(2), 168-176. https://doi.org/10.70239/arsu.2026.t84.n2.18