АҚТӨБЕ УЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҚАУЫМДАРЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨЗГЕРІСТЕРІ   (XIX Ғ. АЯҒЫ-XXҒ.БАСЫ)

Жарияланды 2026-06-30
ТАРИХ Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • ҒАНИБАЕВА Ж.А.
  • ӘНДІРОВ Н.Т.
PDF (English)

Мақала XIX ғ.соңы - XX ғ.басындағы Торғай облысы Ақтөбе уезіндегі қазақ қауымдарының әлеуметтік-экономикалық трансформациялық үдерістеріне арналады. Зерттеу жұмысы 1898–1899 жылдары Ф. Щербина басқарған экспедицияның тарихи-статистикалық мәліметтерін негізге ала отырып, XIX ғ.соңы - XX ғ.бас. Ақтөбе уезінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің дамуына  жан-жақты талдау жасалады. Зерттеудің басты назары көшпелі қоғамның егіншілікке бейімделуіне, жер қатынастарының жаңаша сипат алуына, сондай-ақ мал табынының құрылымының түбегейлі өзгерістеріне аударылады. Авторлар аймақтың географиялық және табиғи ерекшеліктерінің экономикалық эволюцияға тигізген ықпалы, олардың шаруашылықты дамытудағы шешуші рөлін ашып көрсетеді. Статистикалық мәліметтерді талдау, мал шаруашылығы мен егіншіліктің тиімді ұштасуы Ақтөбе уезінің  Торғай облысындағы  экономикалық маңызды аймаққа айналуына ықпал еткендігін көрсетті. Ақтөбе уезі өзге уездерден табиғи климаттық жағдайларына байланысты шаруашылық өзгерістердің айқын көрініс тауып, трансформациялық үдерістердің толыққанды сипат алуымен ерекшеленді. Ақтөбе өңіріндегі шаруашылық жүйесінің біртіндеп экстенсивті мал шаруашылығынан нарықтық талаптарға сай қарқынды отырықшылыққа, егіншіліктің дамуына көшу үрдісі нақты айғақтармен дәлелденеді. Қауымдардың ішкі әлеуметтік жіктелуі мен құрылымдық өзгерістері өлкенің жалпыимпериялық экономикалық жүйеге интеграциялануы тұрғысынан қарастырылады. Уезд қазақтары тек мал шаруашылығын сақтап қана қоймай, жергілікті нарықтық сұранысқа сай тауарлы шикізат өндіру қабілетін арттырғанын көрсетеді.

ҒАНИБАЕВА Ж.А.

Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: zganibayeva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0001-5445-5815

ӘНДІРОВ Н.Т.

Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: nurlankz480@gmail.com, https://orcid.org/0009-0009-7813-4176

  1. Tasilova N.A. «Qyrğyzdardyñ (qazaqtardyñ) jer paidalanu materialdary...» Qazaqstan tarihynyñ derek közı (XIX ğ. soñy – XX ğ. basy), Almaty, 2011 158 b.
  2. Bekmahanova N.E. Formirovanie mnogonacional'nogo naselenija Kazahstana i Severnoj Kirgizii v jepohu kapitalizma. Alma-Ata: Nauka, 1980. 280 s.
  3. Zimanov S.Z. Obshhestvennyj stroj kazahov pervoj poloviny XIX veka i Bukeevskoe hanstvo. Alma-Ata: Izd-vo AN KazSSR, 1958. 296 s.
  4. Abylhozhin Zh.B. Tradicionnaja struktura Kazahstana: social'no-jekonomicheskie aspekty funkcionirovanija i transformacii. Alma-Ata: Gylym, 1991. 384 s.
  5. Vostrov V.V., Mukanov M.S. Rodoplemennoj sostav i rasselenie kazahov (konec XIX – nachalo XX vv.). Alma-Ata: Nauka, 1968. 256 s.
  6. Sultangalieva G.S. Istorija Aktjubinskogo uezda 1869-1917. Almaty, 2005. 259 s.
  7. Materialy po kirgizskomu zemlepol'zovaniju. Turgajskaja oblast'. Aktjubinskij uezd. Voronezh. 1903, 568 s.
  8. Obzor Turgajskoj oblasti za 1903 god. Orenburg. 1905.
  9. Nuryshev G.Zh. Iz istorii Aktyubinskoy oblasti. Aktobe. 2006, 278 s.
  10. Kraft I. I. Sbornik uzakonenij o kirgizah Stepnyh oblastej. Orenburg, 1898. 92 s.
Ф.Щербина экспедициясы, қазақ қауымы, жерді пайдалану, болыстар, шаруашылық ауылдар, егіншілік, шаруашылық трансформациясы, әлеуметтік жіктелу