«Электрондық әкімдік» құру мәселелері және оны әкімшіліктің қызметін тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін қолдану перспективалары зерттелген. Басқару шешімдерін қабылдаудың заманауи әдістеріне және түрлі ақпараттық жүйелерді қолдануға негізделген «электрондық әкімдік» құру тұжырымдамасы
құрылып, сипатталған. Заңды және жеке тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және қала мен
әкімдікке сеніп тапсырылған аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жедел шешімдер қабылдауды
қамтамасыз ететін интеграцияланған түрлі ақпараттық жүйелермен жабдықталған «электрондық әкімдіктер»
құрудың өзектілігі негізделген. Әкімдік қызметінің компоненттік моделінің құрылымдық сызбасы құрылған. Әкімдік қызметінің ұсынылған компоненттік моделі жергілікті атқарушы органдар қызметінің концептуалды моделі компоненттерін сызбалық түрде ұсынады. «Электронды әкімдіктің» ақпараттық архитектурасы құрылған.
«Электрондық әкімдіктің» мақсат тұжырымдалып, негізгі міндеттері айқындалған. «Электрондық әкімдік»,
әкімдік қызметін сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін түрлі өзара байланысты ақпараттық жүйелер мен
мәлімтеттер базаларды қолданатын, аймақтық мемлекеттік басқару жүйесі ретінде қарастырылады. Шешімдер қабылдаудың заманауи әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана
отырып, "электрондық әкімдік" құру тұжырымдамасы ұсынылды. "Электрондық әкімдіктің" ақпараттық
архитектурасы құрылып, сипатталған, "электрондық әкімдіктің" мақсаты айқындалған және оның негізгі міндеттері нақтыланған.
БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫ ҚОЛДАУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМШІЛІК» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚҰРУ
әкімдік,жергілікті атқарушы орган, электронды әкімдік, ақпараттық жүйе, басқару шешімдерін қабылдау, концептуалды модель.
БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫ ҚОЛДАУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМШІЛІК» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚҰРУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 63(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/99