Бұл мақалада Ақтөбе ферроқорытпа зауытының рафинирленген феррохромының тұрақтандырылған қождары зерттелген. Екі кальцилі силикаттың ыдырауы және қожға құрамында бор тотығы
бар «колеманит» минералын қосып, оны кристалохимиялық тұрақтандыру арқылы ыдыраудың алдын-алу мәселесі қарастырылған. АқтФЗ №2 балқыту цехында силикотермиялық әдіспен рафинирленген феррохром өндірісінің технологиялық схемасы сипатталған. Бұл жұмыста басты назар химиялық және микроскопиялық
анализді қолдана отырып тұрақтандырылған тазартылған феррохром қожының (РФХ) макроқұрылымын және ондағы металл қоспаларын зерттеуге бағытталған. Тазартылған феррохром қожының (РФХ) өндірісі кезінде пайда болатын қождардың барлық түрлеріндегі металл қосындыларының ірілігі анықталды. Қождағы металл қосындыларының ірілігі микроскоптың «MC View» бағдарламалық кешен көмегі арқылы жасалды. 3 тауарлы фракция бойынша (0-5 мм, 5-20 мм и 20-40 мм) барлық қождағы металдық хром және жалпы хром құрамына байланысты салыстырмалы кесте келтірілген. Оптикалық микроскопта қож сынамаларын зерттеу және химиялык сараптау нәтежилеріне сүйене отырып, алынған мәліметтерге талдау жасалынған. Қорытындылай келгенде,
авторлармен өнімдердің сапасын арттырып және қожды өңдеу цехына өндірістік жүктемені азайта отыра, қожды металл қосындыларының құрамына байланысты бөлу схемасы ұсынылды.
- Кабанова Л.Я. Петрографические и минералогические особенности стабилизированного шлака низкоуглеродистого феррохрома ОАО «ЧЭМК» / Л.Я. Кабанова, А.С. Королев, Д.И Ракитин, Т.И. Таранина // Материалы Всероссийской конференции
- «Строительное материаловедение сегодня: актуальные проблемы и перспективы развития». Челябинск: ЮУрГУ. – 2010. – С. 204-206.
- Демин Б.Л. Технические решения по переработке самораспадающихся шлаков / Б.Л. Демин и др. // Тр. междунар. конгресса "Фундаментальные основы и технологии переработки и утилизации техногенных отходов", Екатеринбург: ООО УИПЦ. – 2012. – С. 212- 216.
- Лопатин Д.В. Критерии кристаллохимической стабилизации двухкальциевого силиката / Д.В. Лопатин // Изв. вузов. Черная металлургия. – 2007. – № 3. – С. 7-10.
- Грабеклис А.А. Новое в технологии кристаллохимической стабилизации шлаков производства рафинированного феррохрома / А.А. Грабеклис и др. // Сталь. - 2010. – № 5. – С. 78-83.