Бұл мақалада аспирациялық шаннан хром ферроқорытпаларын алудың әртүрлі технологиялары қарастырылған болатын. Дәл қазір әлемде шамамен 13-14 млн.т. хромит кендері өндіріледі, 0-10мм фракциялық 75-80% - ды құрайды, оның 30% - ға жуығы ұнтақ немесе тозаң түрінде болады. Қазақстанда негізінен кедей (кондициялық емес) кенді пайдаланбай, бай кенді пайдалануға басымдық беріледі. Аспирациялық қондырғылармен ауланатын шаң құрамында 65-69% металл хромы бар 0,01-1 мм фракцияның ұсақ дисперсті ұсақшасы болып табылады. Ұсақ дисперсияға байланысты материал іс жүзінде кондициялық емес болып табылады. Қалыптасқан аспирациялық және басқа да шаңдардың қайта өңдеуне қызығушылық
тудыратын, көлемі жылына 25 000 тоннадан астам құрайды. Жоғары көміртекті феррохромды ұсақтау кезінде жылына 1000 тонна аспирациялық шаң пайда болады. Осыдан кондициялық емес шикізаттан хром ферроқорытпаларын алу технологиясын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл технологияны зерттеу экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағынан да маңызды. Себебі кондицияланбаған шикізат аз мөлшерде пайдаланылады, ал негізгі бөлігі үйінділерде сақталады. Біз алған мәліметтер теориялық құндылыққа ие және зертханалық зерттеулер үшін болашақта қолдануға ықтимал.
- Миpoвыe зaпacы хpoмoвoй pyды – Energy Prom. Элeктpoнный pecypc. - 2019. – URL: http://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/kazahstan-vhodit-v-trojku-mirovyh-liderov-podobyche-hromita-i-zanimaet-1-e-mesto-po-zapasam-rudy (дaтa oбpaщeния: 29.10.2020).
- Аскарова К.У. Получение чардж-хрома современным методом с использованием некондиционного сырья / К.У. Аскарова, М.М. Тайжигитова, Ж.Н. Юсупова // Молодой ученый. – 2016. – №8. – C. 20-24.
- Жунусов А.К. Производство хроморудных окатышей из мелкодисперсных отходов / А.К. Жунусов, Н.К. Кулумбаев, Ж.О. Нурмаганбетов // Сб. докл. межд. научн. конф. «VII Сатпаевские чтения». – Павлодар. – 2007. – С. 100-104.
- Вегман Е.Ф. Окускование руд и концентратов / Е.Ф. Вегман. – М.: Металлургия, 1974. – 285 с.
- Коротич В.И. Основы теории и технологии подготовки сырья к доменной плавке / В.И. Коротич. – М.: Металлургия, 1978. – 208 с