Мақалада Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтарының қалыптасуы, даму кезеңдері және мемлекеттік қаржыландыру жүйесінің қазіргі жағдайы кешенді талданады. Зерттеу шаруа қожалықтарының институционалдық негіздерін, өндірістік мамандану ерекшеліктерін және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін қарастырады. Посткеңестік кезеңдегі жер реформаларының әсерінен бастап, 2010 жылдан кейінгі субсидиялау мен жеңілдетілген несиелеу жүйесінің күшеюіне дейінгі төрт даму кезеңі жіктелген.
2024–2025 жылдардағы эмпирикалық деректер негізінде шаруа қожалықтарының саны (251 635-тен астам), мемлекеттік қолдау көлемі (114,7 млрд теңге, 20 739 мақұлданған өтінім), негізгі бағдарламалар («Кең дала», «Агробизнес», «Ауыл Аманаты», ҚазАгроҚаржы лизингі) және өңірлік ерекшеліктер (солтүстік – дәнді дақылдар, оңтүстік және батыс – мал шаруашылығы мен суару) талданады.
Зерттеу нәтижелері мемлекеттік субсидиялау мен цифрландырудың өнімділікті 3–5 %-ға арттыруға, жаңа жұмыс орындарын (10 мыңнан астам) ашуға және ауылдық инфрақұрылымды дамытуға ықпал еткенін көрсетеді. Дегенмен, жер ресурстарының тең бөлінбеуі, климаттық тәуекелдер және қолдау тетіктерінің өңірлік бейімделуі сияқты проблемалар сақталуда.
Қорытындыда шаруа қожалықтарының тұрақты дамуы үшін жер қатынастарын жетілдіру, цифрлық технологияларды (UAV, спутниктік мониторинг) кеңінен енгізу, шағын фермерлерге қаржылық қолжетімділікті кеңейту, кооперацияны және экологиялық таза өндірісті қолдау қажеттігі негізделеді. Алынған қорытындылар аграрлық саясатты жетілдіру және болашақ зерттеулер үшін теориялық-әдіснамалық негіз бола алады.
ЖАКУПОВА Б.А.
Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: bzhakupova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-6965-6006
МАҒЗУМ А.А.
1 курс магистранты, 7М04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару ББ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: Arystan.magzum@mail.ru, https://orcid.org/0009-0009-8720-9432
- Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы. «Өндіріс әдісімен ЖІӨ құрылымы». Экономикалық шоттар бөлімі. https://stat.gov.kz/industries/economy/national-accounts/
- Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы. «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы». https://stat.gov.kz/industries/business-statistics/stat-forrest-village-hunt-fish/
- Набиев С. Т., Садыков Т. С., Хасенова Ж. О. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары: тарихы мен тәжірибесі (ХХ ғасырдың 20–30-жж.). Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы. 2023. № 2. 207–218 б. DOI: 10.31489/2023HPh2/207-218. https://history-philosophy-vestnik.buketov.edu.kz/history-philosophy-vestnik/article/view/627/556
- Қалыбаева А.М. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы аграрлық өзгерістер (1920–1930 жж.). Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы, №3. 2019. https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/429/415
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. Астана: ҚР Парламенті. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375
- Кантарбаева Ш.М., Сұлтанбайұлы С., Жұмашева С.Т. Қазақстанның аграрлық секторындағы цифрлық экономиканың негізгі трендтері. Аграрлық нарық проблемалары. 2021. № 2. б. 46–54. DOI: 10.46666/2021-2.2708-9991.05 https://www.jpra-kazniiapk.kz/jour/article/viewFile/561/434
- Savin T., Morgounov А. Organic Crop Production in Kazakhstan: Agronomic Solutions and Bioresources. Resources, Vol. 14. No. 7 (108). 2025. DOI: 10.3390/resources14070108. https://www.mdpi.com/2079-9276/14/7/108 DOI: https://doi.org/10.3390/resources14070108
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ. Ресми сайт. https://www.kaf.kz/
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ. Ресми сайт. https://www.agrocredit.kz/
