Au - C14H9 - Au нано ажыратқышының негізгі электрлік сипаттамалары (вольт Амперлік сипаттамасы, диференциалдық өткізгіштігі және электрондық тығыздығы) Хюккель моделінің аумағында тепе-тең емес гриндық функциялар әдісімен бірге есептелген. Алынған нәтижелер анализінің барысында Au – C14H9 – Au молекуласының негізінде шулы сигнал әсері кезінде тоқтаусыз жұмыс істейтін нано ажыратып - қосқыш құру мүмкін екендігін айтуға болады. Мұндай нано - ажыратқыштың амплитудасы 1,03 нА құрайды, сондықтан
электронды тізбекте шамамен 1 нА амплитудасы бар тербелмелі токтың (шудың) болуы нано - ажыратқыштың жұмысына тікелей әсер етеді. Мұндай наноструктуралық электрлік сипаттамаларының ерекшеліктері шекті токтың ± 145 нА оңтайлы мәнін таңдау арқылы электрондық кілттің қате іске қосылуын болдырмауға мүмкіндік беретіні анықталды, өйткені -3 ÷ -1,2 В кернеу аралығындағы токтың осцилляциясы ескерілмейді. Алынған
ығысу кернеуінің мәндері осы қосқыштың жұмыс режимін анықтауға болады, 1,3 ÷ 1.8 диапазонында кілт
белсенді режимде, ал осы диапазоннан тыс кесу режимінде. Осылайша, нано коммутациялық құрылғының жұмыс
режимдері анықталды. Бұл нәтижелер наноэлектрониканың жаңа перспективалық коммутациялық
құрылғыларын құруға үлкен үлес қосады.
Au – C14H9 – Au НЕГІЗІНДЕ НАНОКОММУТАЦИЯЛАУШЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢЭЛЕКТР СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
нано коммутациялық құрылғы, вольт Ампер сипаттамасы, дифференциалды өткізгіштік, электронды тығыздық.
Au – C14H9 – Au НЕГІЗІНДЕ НАНОКОММУТАЦИЯЛАУШЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢЭЛЕКТР СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 63(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/82