7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЛАССОВ К ОЛИМПИАДЕ ПО ИНФОРМАТИКЕ

Жарияланды 2025-12-31
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 82 № 4 (2025)
Том 82 №4 (2025)
Авторлар:
  • САЛТАНОВА Г.А.
  • ӘДІЛХАН Е.Е.
PDF

Бұл мақалада 7-сынып оқушыларын информатика пәні бойынша олимпиадаға дайындауда сандық технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – спорттық бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруда Codeforces, Acmp.ru, Brestprog сияқты цифрлық платформалардың тиімділігін айқындау және авторлық әдістемелік модельді әзірлеу. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, контент-талдау, салыстырмалы талдау, педагогикалық бақылау, тестілік диагностика және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Педагогикалық эксперимент екі топта (бақылау және эксперименттік) жүргізіліп, Stepik.org платформасындағы авторлық курс, Codeforces контесттері және көпсатылы практикалық жаттығуларды қолдану арқылы олимпиадалық дайындық нәтижелерінің айтарлықтай артқаны дәлелденді. Эксперимент қорытындылары: алгоритмдік ойлау деңгейі 63%-дан 84%-ға дейін өсті, есеп шешу жылдамдығы 14 минуттан 8 минутқа дейін қысқарды, қателер саны 37%-дан 18%-ға төмендеді, ал олимпиада жүлдегерлерінің саны екі еседен көп болды.

Зерттеу нәтижелері сандық технологияларды жүйелі қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін, алгоритмдік ойлауын, уақытты басқару дағдыларын және жарыс жағдайында жұмыс істеу қабілетін айтарлықтай жетілдіретінін көрсетеді. Ұсынылған әдістемелік модель олимпиадалық дайындықты теориялық, практикалық, рефлексивтік және мотивациялық компоненттерді біріктіре отырып ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мақала нәтижелері сандық білім беру құралдарының информатика пәнін оқытудағы маңызды рөлін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, олимпиадалық дайындық жүйесіне жаңа көзқарас ұсынады.

САЛТАНОВА Г.А.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан

E-mail: g.saltanova@asu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-5819-2744

ӘДІЛХАН Е.Е.

Магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан

E-mail: erkebulanadilkhanov@gmail.com, https://orcid.org/0009-0000-2886-2292

  1. Yuen K. K. F. Competitive Programming in Problem Solving Education // ACM Studies in Computing Education. – 2023. – Vol. 5, No. 2. – P. 45–59.
  2. Shute V., Sun C. Cognitive Foundations of Algorithmic Reasoning // Journal of Educational Psychology. – 2021. – Vol. 113, No. 4. – P. 657–670.
  3. Halim S., Halim F. Competitive Programming 4. – Singapore: National University of Singapore Press, 2023. – 412 p.
  4. Levitin A. Introduction to the Design and Analysis of Algorithms. – Boston: Pearson, 2020. – 606 p.
  5. Cormen T., Leiserson C., Rivest R., Stein C. Introduction to Algorithms (4th Edition). – MIT Press, 2022. – 1312 p.
  6. IOI. International Olympiad in Informatics. Problem Solving and Evaluation Guidelines. – ioinformatics.org. – URL: https://ioinformatics.org (date of access: 12.11.2025).
  7. International Olympiad in Informatics. Official Syllabus. – ioinformatics.org. – URL: https://ioinformatics.org (date of access: 15.11.2025).
  8. Wing J. Computational Thinking // Communications of the ACM. – 2019. – Vol. 62, No. 11. – P. 28–30. DOI: https://doi.org/10.1145/3363181
  9. Laaksonen A. Guide to Competitive Programming. – Springer, 2020. – 283 p. DOI: https://doi.org/10.1007/978-3-030-39357-1
  10. Kong S., Abelson H. Computational Thinking Curriculum and Competencies. – MIT Press, 2021. – 214 p.
  11. Codeforces. Official platform materials. – URL: https://codeforces.com (date of access: 15.11.2025).
  12. ACMP. Official Olympic Reports Platform. – URL: https://acmp.ru (date of access: 14.11.2025).
  13. Brestprog. Olympic Reports Platform. – URL: https://brestprog.by (date of access: 13.11.2025).
  14. Zimmerman B. J. Self-Regulated Learning: Theories and Models. – Psychology Press, 2020. – 289 p.
информатика, 7-сынып оқушыларын олимпиадалық дайындық, спорттық бағдарламалау, сандық технологиялар, алгоритмдік ойлау, Codeforces, педагогикалық эксперимент