ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЖАНРЛАРДЫҢ МЕДИАМӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Жарияланды 2025-12-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 82 № 4 (2025)
Том 82 №4 (2025)
Авторлар:
  • УЛЫКПАНОВА А.Ж.
  • ЕКИЧИ М.
PDF

Мақалада бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі фольклордың өзгерісі мен жаңаша көрініс табуы сөз етіледі. Зерттеу өзегіне YouTube, TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желілерде жаңғырған қазақ халық мұрасының үлгілері алынып, әсіресе отбасы салтына қатысты ғұрып жырлары мен дәстүрлі сөз өрнектерінің қайта жандану үрдісіне назар аударылады. Цифрлық ортадағы фольклор бүгінде халық шығармашылығының жаңа түрлерін – бейнежыр, әңгімелеу дәстүрінің заманауи түрлері, көпшілікке үндеу сипатындағы ойын-сауық көріністерін қалыптастырып келеді. Сонымен бірге дәстүрлі күй мен жыр дәстүрі тоғысқан бейнелік туындылар фольклордың бүгінгі сахнадағы жаңа қалыбын танытады.

Зерттеу барысында цифрлық фольклор, постфольклор, медиамәтін, репрезентация, жанрлық трансформация ұғымдарына теориялық талдау жасалып, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Атап айтқанда, С. А. Қасқабасов, Ж.С. Рақыш, Б.Т. Нұриман, Ж.Т. Салтақова, М.Д. Алексеевский, Т. Бланк, Г. Флинтеруд, А. Фиадотава, Т.В.  Пушкарева, М. Екиджи және Э. Темизкан еңбектері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлі фольклор жанрларының интернет кеңістігінде жаңа сипат алып, ұлттық негізін сақтағанымен, мазмұны мен бейнелік көрінісі тұрғысынан өзгерістерге ұшырап, халық мұрасының заманауи мәдени өмірде жаңаша қызмет атқара бастағаны анықталды.

Зерттеудің ғылыми маңызды – фольклорлық жанрлардың медиамәдени кеңістіктегі жаңа қызметін айқындап, оның трансформациялық сипатын жүйелі талдауда жатыр. Практикалық тұрғыдан алғанда, зерттеу нәтижелері фольклорды оқыту үдерісінде, медиа сауаттылықты қалыптастыруда және ұлттық мұраны насихаттауға мүмкіндік береді. Цифрлық ортада көрініс тапқан фольклор үлгілері халқымыздың мәдени қазынасын бүгінгі қоғамның танымына жақындатып, оның мазмұндық өрісін кеңейте түсті. 

Бұл еңбектің құндылығы – дәстүрлі мұра мен цифрлық коммуникацияның өзара байланысын ашып, фольклорлық танымның медиамәдени ортадағы жаңғыру үрдісін жаңа ғылыми деңгейде пайымдауында. Жүргізілген талдау нәтижелері фольклорды тек өткен заманның ұлттық коды ретінде емес, қазіргі қоғамның ақпарат пен мәдениетті тоғыстырған кеңістігінде өмір сүріп, жаңаша сипат алған рухани құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

УЛЫКПАНОВА А.Ж.

PhD докторант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: aliya.ulykpanova71@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-3316-7112

ЕКИЧИ М.

PhD, профессор, Эге университеті, Измир қ., Түркия

E-mail: metin.ekici@ege.edu.tr, https://orcid.org/0000-0002-9400-8462

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезеңі: 1-том / Жалпы ред. басқарған С.А. Қасқабасов. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 812 б.
  2. Blank T.J. Folklore and the Internet: The Challenge of an Ephemeral Landscape // Western Folklore. – 2009. – Vol. 68, № 3–4. – P. 253–275.
  3. Пушкарева Т.В. Цифровой фольклор в эпоху пандемии (на материале коллекции социальной карикатуры Центра социально-политической истории Государственной публичной исторической библиотеки) // Наука телевидения – The Art and Science of Television. – 2022. – Т. 18, № 2. – С. 61–89. – DOI: 10.30628/1994-9529-2022-18.2-61-89. DOI: https://doi.org/10.30628/1994-9529-2022-18.2-61-89
  4. Рақыш Ж.С. Қазақ постфольклоры: жанрлар трансформациясы // Керуен. – 2023. – Т. 79, № 2. – Б. 116–126. DOI: https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.2-09
  5. Fiadotava A. Digital Folklore and Digital Fieldwork: Researching Online Humour with Its Offline Context in Mind // Traditiones. – 2025. – Vol. 54, № 2. – P. 97–114. – DOI: 10.3986/Traditio2025540205. DOI: https://doi.org/10.3986/Traditio2025540205
  6. TikTok платформасындағы «Halyquni.media» парақшасында жарияланған бейнематериал. Т.Асардың жоқтау өлеңі. URL: https://www.tiktok.com/@halyquni.media/photo/7560419500160486668 (қаралған күні: 27.10.2025).
  7. Нұриман Б.Т. Әлемдік фольклортанудағы «Фольклордың төрт функциясы» теориясы // Керуен. – 2021. – № 3 (72). – Б. 49–61. – DOI: 10.53871/2078-8134.2021.3-05. DOI: https://doi.org/10.53871/2078-8134.2021.3-05
  8. Беташар / «Хантөре Ақтөреұлы» каналы. YouTube: https://youtu.be/5z1IP_9Iic4?si=iZfYh__sTyrfOBnb, (қаралған уақыты: 27.10.2025). DOI: https://doi.org/10.32764/dinamika.v10i1.5765
  9. TikTok платформасындағы «studio.konoha» парақшасында жарияланған бейнематериал. «Адай (deluxe edition by ARO)». URL: https://www.tiktok.com/@studio.konoha/video/7533130152931347717 (қаралған күні: 27.10.2025).
  10. Салтақова Ж.Т. Постфольклор: аңыздық прозаның киберкеңістікте таралуы // Керуен. – 2023. – № 3 (80). – Б. 151–159. – DOI: 10.53871/2078-8134.2023.3-13. DOI: https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.3-13
  11. Flinterud G. ‘Folk’ in the Age of Algorithms: Theorizing Folklore on Social Media Platforms // Folklore. – 2023. – Vol. 134, № 4. – P. 439–461. – DOI: 10.1080/0015587X.2023.2233839. DOI: https://doi.org/10.1080/0015587X.2023.2233839
  12. Алексеевский М.П. Фольклор в Интернете: традиция в цифровую эпоху // Живая старина. – 2013. – № 4. – С. 2–6.
  13. Ekici M., Temizkan E. Polonya, Litvanya ve Belarus Tatarlarında kültürel miras, gelenek ve kimlik // Millî Folklor. – 2023. – pp. 17, № 135. – pp. 33–45.
  14. Kazinform. Internet activity grows, TikTok dominates: Key findings from Kazakhstan’s 2025 Digital Profile. – 2025. – URL: https://qazinform.com/news/internet-activity-grows-tiktok-dominates-key-findings-from-kazakhstans-2025-digital-profile/ (date of request: 27.10.2025).
фольклор, медиамәдениет, цифрлық кеңістік, постфольклор, репрезентация, трансформация, жанрлық өзгеріс, контент-талдау