ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІС ПЕН МОДЕРНИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІ: ТАРИХИ ПЕРСПЕКТИВА

Жарияланды 2025-09-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.
PDF

Мақалада әлеуметтік өзгеріс пен модернизация үдерісінің тарихи дамуы мен теориялық негіздері талданады. Әлеуметтік өзгеріс – қоғамның құрылымы, құндылықтары мен институттарындағы терең трансформацияны білдірсе, модернизация – бұл өзгерістердің мақсатты әрі бағытталған сипатта жүруі. Автор әлемдік әлеуметтану ғылымындағы негізгі теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, модернизациялық үдерістің ерекшеліктерін тарихи перспективада қарастырады. Әсіресе, Қазақстандағы модернизация кезеңдеріне ерекше назар аударылған: кеңестік индустриализация, тәуелсіздік жылдарындағы құрылымдық реформалар және қазіргі цифрлық дәуірдегі өзгерістер. Мақалада әлеуметтік өзгеріс пен модернизация арасындағы өзара байланыс, олардың қоғамның саяси, мәдени және экономикалық салаларына ықпалы ғылыми негізде сараланады. Сонымен қатар қазіргі зерттеулерде біртұтас даму жолы жоқ екені, әр қоғамның тарихи-мәдени ерекшелігіне сай даму бағыты болуы мүмкін екені атап өтіледі. Бұл пікірді әлемдік ғылыми қауымдастық кеңінен қолдай бастады, әсіресе жаһандану, көпполярлы әлем және мәдени әртүрлілік үдерістері күшейген тұста ерекше мәнге ие бола бастады.

Қазақстанның модернизация жолындағы тәжірибесі, ұлттық ерекшеліктері және жаһандық трендтермен байланысы көрсетіледі. Зерттеу соңғы онжылдықта жарық көрген отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге сүйеніп жазылған. Бұл мақала әлеуметтану, тарих, саясаттану және мәдениеттану салаларында зерттеу жүргізіп жүрген мамандар мен студенттерге арналған.

ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.

Магистр, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: taskynbaeva.raya@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-5904-5682

  1. Қайратұлы, С., Құранбек, Ә. (2018). Батыстық модернизация теорияларының тарихи-философиялық тәжірибелері Journal of Philosophy, Culture and Political Science, 62(4), 45–52. https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/371
  2. Petrenko E. (2016). Nation-Building amid Authoritarian Modernization: the Kazakhstan Case. World Economy and International Relations, 60(6), 70-79. https://www.imemo.ru/en/publications/periodical/meimo/archive/2016/6-t-60/ethnopolitical-processes-and-the-nation-in-the-changing-world/nation-building-amid-authoritarian-modernization-the-kazakhstan-case DOI: https://doi.org/10.20542/0131-2227-2016-60-6-70-79
  3. Steinmetz G. (2023). The Colonial Origins of Modern Social Thought: French Sociology and the Overseas Empire. Princeton University Press. https://en.wikipedia.org/wiki/The_Colonial_Origins_of_Modern_Social_Thought DOI: https://doi.org/10.1515/9780691237435
  4. Қалиев Ж. (2018). Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік құрылым трансформациясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Әлеуметтану сериясы, №2, 35-42.
  5. Сатыбалдиева Л. (2021). Қазақстан қоғамындағы этносаралық қатынастар және азаматтық бірегейлік. Әлеуметтану және демография журналы, №1 (7), 22-28.
  6. Тілеужан С. (2022). Екінші Республика және жаңа саяси модернизация. Қоғам және дәуір, №4, 18-25.
  7. Индык А. (2020). Социальные трансформации и модернизационные вызовы в постсоветском пространстве. Вестник социальных наук, №3, 14–22.
әлеуметтік өзгеріс, модернизация, қоғам, Қазақстан, тарихи даму