Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары спорт және фитнес саласына кеңінен енгізілуде. Бұл жағдай жаттығу процесін дараландыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл мақалада физикалық жаттығулардың дұрыс орындалуын автоматты түрде бақылауға арналған ЖИ негізіндегі дербес фитнес-тренажерді құру және іске асыру концепциясы қарастырылады. Жүйе MediaPipe және BlazePose сынды компьютерлік көру технологияларын пайдалана отырып, қолданушының дене қозғалысын нақты уақыт режимінде таниды, жаттығу техникасын бағалайды және бейімделген ұсыныстар береді. Бағдарлама архитектурасы, деректерді жинау, қалыптандыру және алдын ала оқытылған модельдерді пайдалана отырып талдау кезеңдері сипатталған. Ұсынылған шешімнің тиімділігі бағаланып, жарақат алу қаупін азайту және қолданушының мотивациясын арттыру мүмкіндіктері көрсетілген. Бұл жүйе кәсіби спортшыларға да, физикалық жағдайын жақсартуға ұмтылатын әуесқойларға да арналған. Мұндай ЖИ шешімдерін енгізу сапалы спорттық қызметтерге қолжетімділікті арттырып, салауатты өмір салтына бағытталған тұрақты әдеттерді қалыптастыруға септігін тигізеді.
КЕРЕЕВ А.К.
PhD, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан
Е-mail: akereyev@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-8283-5807
УЛИТИН Д.В.
Директор, «Ironbars» ЖШС, Ақтөбе қ, Қазақстан
Е-mail: Ulitin.1988@bk.ru, https://orcid.org/0009-0004-6877-3277
ДУЙМУХАНОВ Н.М.
Магистр, коммерцияландыру офисінің жетекшісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: n.d_akt@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-9279-5244
РАМАНҚҰЛОВ А.А.
Докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Е-mail: ashat-9595@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-4309-7760
ЖАМБУЛОВ С.Ж.
Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қаласы, Қазақстан
Е-mail: zambulovsultanbek@gmail.com, https://orcid.org/0009-0004-8313-7842
- Zhou H., Li Y., Wang J. Artificial Intelligence in Sports: A Systematic Review // Journal of Sports Analytics. – 2021. – Т. 7, №3. – С. 215–230.
- Mathur A., Ramesh M. Real-time Pose Estimation Using BlazePose for Exercise Evaluation // International Journal of Computer Vision and Image Processing. – 2020. – Т. 10, №2. – С. 45–56.
- Wang J., Chen Y., Hao S., Peng X., Hu L. Machine Learning for Physical Activity Recognition: A Review // ACM Computing Surveys. – 2019. – Т. 51, №3. – С. 1–36.
- Introducing BlazePose: On-device Real-time Pose Detection [Electronic resource] // Google AI Blog. – 2020. – URL: https://ai.googleblog.com/2020/08/introducing-blazepose-on-device-real.html (date of request: 22.04.2025).
- Panch T., Mattie H., Atun R. The ‘inconvenient truth’ about AI in healthcare // npj Digital Medicine. – 2019. – Т. 2, №1. – С. 77.
- Manea L., Popescu D. AI-Based Feedback in Virtual Fitness Coaches // Sensors. – 2021. – Т. 21, №18. – С. 6035.
- Chen K., Chan C. Sensor-Based Smart Fitness Systems // Journal of Ambient Intelligence and Humanized Computing. – 2022. – Т. 13. – С. 3329–3343.
- Applications of AI in Motion Tracking and Pose Recognition [Electronic resource] // OpenAI Research Papers. - 2023. - URL: https://openai.com/research/pose-recognition (date of request: 22.04.2025).
- Богомолов А. И., Невежин В. П., Жданов Г. А. Креативный интеллект и экспертные системы в мобильной медицине.
- Иванцов П. П., Лукьянов А. Б., Лукьянов Б. Г., Степанов В. С. Креативный интеллект в спортивной подготовке: монография. – СПб: Изд-во СПбГИКиТ, 2021.
- Simpson B., et al. What Is Performance Analysis in Sports? Review and Recommendations for Future Research // Journal of Sports Analytics. - 2019. - Vol. 5. - P. 1-21.