Жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасының кедей марганец кендерін металлургиялық қайта өңдеуге тарту міндетін шешумен қатар техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыруға ықпал ететін теориялық және технологиялық негіздерді әзірлеу жолымен кешенді ферроқорытпа технологиясын әзірлеу қажеттігінен тұрады. Болаттың сапалы маркаларына үнемі жоғары сұраныс ферроқорытпалар, атап айтқанда, үш негізгі элемент - болатты қышқылдатушы болып табылатын марганец, кремний және хром негізіндегі кешенді қорытпалар өндірісін ұлғайтуға ықпал етеді. Марганец пен хром кендерін байыту кезінде пайда болған нашар және ұсақ кендер толығымен үйінділерде сақталады және өнеркәсіпте пайдаланылмайды, ал оларды жұмыста кәдеге жарату мәселенің шешімі болып табылады. Нашар хром кендерінің аз мөлшерін агломерациялау әрекеттері болды. Алайда, экономикалық және технологиялық тұрғыдан алғанда, олар әсерлі нәтиже берген жоқ. Жұмыста болатты өндіруге немесе одан әрі өңдеуге жарамды жаңа көп мақсатты хром-марганец-кремний құрамдас кешенді ферроқорытпа алу үшін металлургиялық өңдеуге сапасыз хром және марганец кендерін тарту ұсынылады. Жұмыс мақсаты Қазақстанның хром және кедей марганец кендерін қолдана отырып, кешенді хром-марганец-кремний құрамдас ферроқорытпаны алудың ғылыми негізін қалау мақсатында шолу жасалынды.
ЖАҚАН А.М.
1-ші курс докторанты, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан.
E-mail: armat.01.01@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-3810-0528
КАБЫЛКАНОВ С.К.
2-ші курс докторанты, Д.Серікбаев ат. Шығыс-Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан.
E-mail: kabyl_96@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1272-2065
БУРУМБАЕВ А.Г.
2-ші курс докторанты, Қарағанды индустриялық университеті, Теміртау қ., Қазақстан.
E-mail: burumbayev.azamat@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5276-2259
- Sälımgerei N.A. Hrom-marganes-kremni qūramdas qorytpany balqytu kezındegı fazalyq tepe-teñdıkter: dis. ... magistr tehn. nauk: 6M070900. – Qarağandy, 2019. – 53 b.
- Makhambetov E.N., Baysanov A.S., Isagulov A.Z. and others. Production of complex calcium-containing ferroalloys from dump metallurgical slags and high-ash coals // Steel. – 2019. – № 10. – C. 18-21. DOI: https://doi.org/10.3103/S0967091219100085
- Medvedev G. V., Takenov T. D. Splav AMS. Alma-Ata: Nauka, 1979. - 140 s.
- Druinskij M.I., ZHuchkov V.I. Poluchenie kompleksnyh ferrosplavov iz mineral'nogo syr'ya Kazahstana. – Alma-Ata: Nauka, 1988. – 208 s.
- A. Zhakan, Ye. Makhambetov, Ye. Shabanov Review of the chromium-manganese-siliconcontaining complex ferroalloy / Qarağandy industrialyq universitetınıñ 60 jyldyğyna arnalğan «İnnovasialyq tehnologialar jäne injiniriñ» atty XII Halyqaralyq ğylymi-praktikalyq konferensiasynyñ eñbekter jinağy – Temırtau, - 2023. – B. 43-44.