ҚАЗАҚ ЖӘНЕ БАШҚҰРТ ТІЛДЕРІНІҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ

Жарияланды 2024-09-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 77 № 3 (2024)
№3 (2024)
Авторлар:
  • ТЕКТІҒҰЛ Ж.О.
  • КАРАБАЕВ М.И.
  • БАЯДИЛОВА-АЛТЫБАЕВА А.Б.
  • АЙТБАЕВ Б.Р.
PDF (English)

Бұл мақалада қазақ және башқұрт тілдерінің атау жүйесі қарастырылады. Қазақ және башқұрт ономастикасының негізгі бөлімдері сипатталып, оның жекелеген бөлімдерінің (жалқы есім, тегі (фамилия), лақап ат, бүркеншік есім) зерттелу дәрежесі талданады, соған сәйкес қазақ, башқұрт ономастикасының даму барысы анықталады. Қазіргі уақытта ономастиканың негізгі бөлімдері егжей-тегжейлі зерттелгенімен, оның жекелеген бағыттары әлі де зерттеу мен жүйелеуді қажет етеді. Соған орай ономастикалық кеңістікті зерттеуде басшылыққа алынған тарихи материалдар ономастикалық бірліктердің тілдік байланысын анықтауға, олардың халықтың тарихы мен мәдениетімен байланысын көрсетуге, сондай-ақ тарихи қазақ және башқұрт есімдер қалыптасуындағы кейбір құбылыстардың қоғамдық өмірдің белгілі бір кезеңмен сабақтастығын дәйектеуге мүмкіндік береді. Ғылыми бірліктердің морфемалық құрылымы анықталып, олардың сөзжасамдық ерекшеліктері, соған сәйкес өнімді сөзжасамның форманттары нақтыланады. Нәтижесінде қазақ және башқұрт атауларының негізгі сөздік қорында жалпытүркілік сөздермен қатар, басқа кірме элементтердің де қолданылатындығы анықталып, қазіргі қазақ тегін жазуда бірізділіктің жоқтығы, ал қазіргі башқұрт тілінде адамның фамилиясын жазу модельдері (әкесінің аты-тегі) орыс тілінің сөзжасамдық үлгілеріне сәйкес  қалыптасатынындығы нақты тілдік деректер негізінде көрсетіледі.

ТЕКТІҒҰЛ Ж.О.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: t.khamza@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9987-3105

КАРАБАЕВ М.И.

Кандидат филологических наук, доцент, факультет башкирской филологии, востоковедения и журналистики, Уфимский университет науки и технологий, Уфа, Башкортостан, Россия

Е-mail: munir.karabaev@yandex.ru, https://orcid.org/0000-0002-4733-3158

БАЯДИЛОВА-АЛТЫБАЕВА А.Б.

Филология магистрі, Ағылшын және герман тілдері кафедрасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: ba_ainura85@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-8594-3192

АЙТБАЕВ Б.Р.

Филология магистрі, Дайындық орталығының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан Қазақстан

Е-mail: begimzhan.aitbayev@ayu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-2704-5239

  1. Abdullina G.R. Başkirskii iazyk. Morfonologia. – Ufa: Gilem, 2004. – 124 s.
  2. Bazylhan B. Altai törkındes tilderdıñ ortaqtyğy turaly mäsele // QR Ğylym ministrlıgı. – ĞA Habarlary. Tıl ädebiet seriasy, 1996. -№2. 112-120 bb.
  3. Baskakov N.A. Russkie familii tiurkskogo proishojdenia. – M.: Nauka, 1979. 280 s.
  4. Başkort tele. İuğary ukyu iorttarynyñ filologia fakultety studenttary ösön däreslek / G.R.Abdullina, G.D.Bälieva, K.Ğ.İşbaev (iauaply möhärrir) h.b. – Öfö: Kitap, 2012. – 616 b.
  5. Gumilev L.G. Köne türıkter. – Almaty, «Bılım». 1994. 184-186 bb.
  6. Janūzaqov T. Qazaq esımderınıñ tarihy (Lingvistikalyq jäne tarihi etnografialyq taldau), «Ğylym» baspasy, Almaty, 1971, 97-bet.
  7. İşbaev K.Ğ., Abdullina G.R., İşkildina Z.K. Başkort teleneñ morfemikahy, hhüziahalyşy häm morfonologiahy. – Öfö: Ğilem, 2006. – 150 b.
  8. Karabaev M.İ. Başkort teleneñ onomasiologiahy. – Stärletamak: SGPA, 2008, –139 b.
  9. Kusimova T.H., Bikkolova S.Ä. Başkort isemdäre. – Öfö: Kitap, 2005. – 224 b.
  10. Mahpirov N.İ. Antropnimy v «Divanu lugat at-tiurk» i «Kutadgu bilik» // Sovetskaia tiurkologia. -1979. -№4. 23-29 bb.
  11. Saduaqasov N. Ata-tegımızdı qazaqi jazu – patriotizm nyşany // Egemen Qazaqstan, -2020. -30 Mausym
  12. Söläimänova R.Ä. Häzerge başkort telendäge antroponimdar häm ularzyñ üseş tendensialary. – Ufa, 2006. – 148 b.
ономастика, антропоним, жалқы есім, тегі, лақап ат, бүркеншік есім