Қ. ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАСЫ

Жарияланды 2024-12-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 78 № 4 (2024)
№4 (2024)
Авторлар:
  • САДУАКАС Н.А.
  • ИМАНГАЗИНА А.А.
PDF

Мақалада өткен ғасырдың бас кезеңінде қазақ тіл білімі саласындағы алғашқы шешуін күткен лингвистикалық мәселелерді ғылыми деңгейде зерттеген ғалым Қ. Жұбановтың еңбектері қарастырылған. Профессор Қ. Жұбановтың артында қалдырған ғылыми мұралары – әлсін-әлсін қайта оралып отыруды қажет ететін, әр оралған сайын жаңара, жасара беретін өміршең дүниелер және олардың әрбіріне тереңдей үңілген сайын қазіргі тіл білімінің деңгейіне сай келетін, тіпті әлі де шешімі табыла қоймаған мәселелердің кілті іспетті ой-тұжырымдардың тұнып тұрғандығын аңғаруға болады. Әлемдік тілтаным ілімінде антропоөзектік парадигманың пайда болуы нәтижесінде сол тілді тұтынушы субъектінің жоғары деңгейлі сана-сезімі мен қоғамдық-тарихи, мәдени тіршілігі тілмен байланыста зерттеліп, адамның рухани болмысын тереңірек тануға жол ашылғаны айтылады. Қазақ тіл білімінің алғашқы кезеңінде ғалым Қ. Жұбанов еңбектерінде кездесетін антропологиялық лингвистиканың мәселелеріне қатысты ойларына талдау жасалған. Қазақ жерінде дүниеге келіп, тіл білімі саласында әлемдік деңгейде ой-пікір білдіріп, құнды зерттеулер қалдырған ғалым Қ. Жұбановтың ғылыми мұрасындағы зерттеушілік ұстанымның жаңа заман лингвистикасы үшін жетекші бағытқа айналған антропоөзектік парадигмамен ұштасып жатқандығы туралы баяндалған.

САДУАКАС Н.А.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: sadu_ngd@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3961-3683

ИМАНГАЗИНА А.А.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент (АӨУ), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: aigul-nurasyl@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6335-7179

  1. Құдайберген Жұбанов. Шығармаларының толық жинағы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2019. -584 б.
  2. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М., 1985. -452 с.
  3. Манкеева Ж.А. Профессор Қ. Жұбановтың зерттеулеріндегі когнитивтік сананың тілдік көрінісі // Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Хабаршысы. №3 (57). – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспа бөлімі, 2019. 144-147 бб.
  4. Садирова К.Қ. Профессор Қ. Жұбанов тұжырымдарының тіл ғылымының қазіргі бағыттарымен сабақтастығы // «Жұбанов тағылымы-IX» дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағы. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ, 2017. 40-45 бб.
  5. Сұлтан Ж. Тілтанымның бүгінгі бағыттары және Жұбановтану проблемалары. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. -178 б.
  6. Қарабалина А.А., Жұбанова А.Е. Қ. Жұбановтың психолингвистикалық мұрасы. – Ақтөбе, 2009. -151 б.
  7. Шоқым Г.Т. Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі гендерлік жіктелімнің тілдік ерекшеліктері // «Жұбанов тағылымы-IX» дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағы. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ, 2017. 47-51 бб.
  8. Хасанұлы Б. Қ. Жұбановтың гендерлік жіктелімдер жөніндегі пайымдаулары // «Жұбанов тағылымы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. 15-24 бб.
  9. Жубанова А.А. Общелингвистическая концепция X.К. Жубанова: Автореф. дисс. канд.филол.наук. 10.02.19 – общее языкознание, социолингвистика, психолингвистика. – Алматы, 2000. -28 с.
  10. Манкеева Ж. Профессор Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі этнотаңбалық жүйе // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. Профессор Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. 32-34 бб.
тіл білімі , антропоөзектік парадигма, этнолингвистика, этнопсихолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану