Өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы ұлттың, тұтастай елдің денсаулығын қамтып көрсетеді, халықтың ұзақ өмір сүруін болжауға мүмкіндік береді, ол тек биологиялық қана емес сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді сипаттайтындықтан бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мектеп жасындағы балалар аурулары ішінен алғашқы орындарды тыныс алу органдары, неврологиялық, эндокринологиялық, көз және оның қосалқы аппаратының,ас қорыту органдарының, аллергиялық аурулар, сколиоз секілді ауру түрлері алады. Бұл аурулармен күрес мақсатында көптеген скринингтер, профилактикалық тексерістер жүргізіліп, өз оң нәтижелерін бергенімен, бала денсаулығын сақтау - қазіргі кездегі ең басты проблемалардың бірі.
Осы себептерге байланысты мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау, ауруларды алдын алу шараларын үлкен, өзекті мәселе ретінде қарастыруымыз керек.
Ж.Ж. КУКЕНОВ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы (оқулық) - Алматы: Дәуір, 2009 ж, 21-25 б.
- Матюшонок М.Т., Турик Г.Г, Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы Алматы: Мектеп, 2010 ж, 10 б.
- Ермакова С.А. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (оқу құралы) Қарағанды: Ақ-Нұр, 2014ж, 11-13 б.
- Бейсембаева З.И. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған оқулық Қарағанды: Ақ-Нұр, 2014ж, 18 б.
- Ордабекова С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Қарағанды: Ақ-Нұр, 2012 ж, 20-22 б.
- Гигиена детей и подростков учебное пособие/ под ред. проф. В.Р.Кучмы. - М: ГЭОТАР-Медиа, 2010,36-39 б.
- В.Н. Кардашенко, Е.П. Стромская. Гигиена детей и подростков: - Москва: Медицина, 2009 г. - 88-89б.
- Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық).-Алматы 2010. - 76 б.
- М.В. Антропова. Гигиена детей и подростков. Изд.5-ое: - М: Медицина, 2012г. - 21-23б.