Ұлттық қауіпсіздік проблемасы - әрбір елдің басты назарда ұстауы қажет мәселе. Мақалада
ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды құрамдас бӛлігі экономикалық қауіпсіздік мәселелері қазіргі нарық
ерекшеліктері тұрғысынан талданып, зерттелінген. Ерекшеліктерімен қатар оны қамтамасыз ету жолдары
ұсынылған. Ғылыми еңбекте экономикалық қауіпсіздік проблемасы жүйелік әдіснама тұрғысынан
қарастырылып, ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен қорғалуын сақтауға бағытталған, сыртқы және ішкі
қатерлерге тӛтеп бере алатын және бір-бірімен ортақ міндеттер мен ерекше функциялармен байланысқан
жекелеген элементтерден тұратын күрделі динамикалық жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде
қарастырылып, зерттелген.
Қазақстан ерекшелігіне байланысты ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтай отырып, мемлекеттік
мүдделер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке мүдделерін қорғау жӛніндегі саяси, құқықтық және
экономикалық институттардың пәрменділігіне қойылатын талаптар күшеюіне қатысты экономикалық
қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі қатерлерін уақтылы анықтау және оларды жою немесе олардың теріс
салдарларын жеңілдету жӛнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттігі жан-жақты талданған.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЖЫРАМАС ЖӘНЕ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, технологиялық қауіпсіздік, жаһандану процестері, трансұлттық корпорациялар, азық-түлік қауіпсіздігі, ұлттық мүдделер
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЖЫРАМАС ЖӘНЕ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 59(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/40