ХVIII-ХІХ ҒҒ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Жарияланды 2024-03-26
ТАРИХ Нөмір 75 № 1 (2024)
№1 (2024)
Авторлар:
  • М.О. ЖҰМАҒАЛИЕВА
  • Г.Б. ИЗБАСАРОВА
PDF

Бұл мақалада батырлар институтының қалыптасуы қарастырылып, институт ретінде даму тарихы талданады. Батырлар институтының тарихнамасына шолу жасалып, қарастырылып отырған мәселе зерттеулерінде кездесетін авторлардың еңбектерін талдай отыра, батырлар институының қазақ қоғамындағы рөліне, қызметіне баға беріледі. Батырлар институты революцияға дейін және кеңестік кезеңде, қазіргі авторлардың зерттеулерінде де қарастырылған зерттеу тақырыбы. А.И.Левшин еңбегі, А.И.Тевкелевтің кіші жүзеге жасаған елшілік сапарындағы күнделігі, М.П.Вяткин және т.б. авторлардың еңбектері батырлар институтына қатысты алғашқы деректер беретіндігіне байланысты мақалада осы еңбектердегі авторлардың негізгі ойлар мен пікірлерін талдауға басымдылық берілді. Әр кезеңдегі авторлардың еңбектеріндегі батырлар
институтына қатысты пікірлерді талдай отырып, ХVIII-ХІХ ғғ қазақ қоғамындағы батырлар институты және оның трансформациясының барысы тарихы көрсетіледі. Батырлар институтының трансформацияның алғышарттары талданып, оның негізгі себебі ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуы көрсетіледі. Инстуттағы өзгерістердің салдарлары мен қоғамға әсері талданады. Батырлар институты артына мол тарих қалдырған ұзақ даму жолдарынан өтті. Қай кезеңде де ол елінің, жұртының біртұтастығы үшін, тәуелсіздігі үшін қызмет етті деп анық айта аламыз. Батырлар институты тарихын зерттеу арқылы оның жаңа беттерінің нәтижесінде бүгінгі еліміздің тәуелсіздігінің іргесінің бекуіне септігін тигізетіндігі анық.

М.О. ЖҰМАҒАЛИЕВА

Магистрант, Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе

e-mail: moldir_zhumagalieva01@mail.ru

https://orcid.org/0009-0000-1058-5549

Г.Б. ИЗБАСАРОВА

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе

e-mail:  izbassarovagulbanu@gmail.com  https://orcid.org/000-0002-4123-7501

  1. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Алматы: Санат, 1996. 75-бет;
  2. История Казахстана в русских источниках ХVI-XX веков. ІІІ том. Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731- 1759 гг). Алматы: Дайк-Пресс, 2005. 56-57 бет;
  3. Вяткин М.П. Батыр Сырым. М.: Издательство АН СССР, 1947. 110-бет;
  4. Бекмаханов Е. К вопросу о социальной природе батыров (XIX век) // Вестник АН КССР. 1947. № 1. 62-64-бет;
  5. Алланиязов T.K. Очерки военного дела кочевников Казахстана. Алматы: Фонд «XXI век», 1997. 12-20 бет;
  6. Из истории Великой степи (последняя четверть XVIII в.). Сборник документов / Под. ред. З.Е. Кабульдинова. Составитель: В.А. Сирик. Алматы: Литера-М, 2020. 145-бет;
  7. ҚР ОМА. 11-қор, 1-тізім, 24-іс, 47-бет;
  8. Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). Алматы: Аркаим, 2001. 66-бет;
  9. Даланын дара ділмарлары. Алматы: ЖШС Қазақстан баспа үйі, 2001. 145-бет;
  10. ҚР ОМА. 25-қор. 1-тізім, 19-іс, 18-бет.
батыр ұғымы, батырлар институты, тарихнама, трансформация.