XIX ҒАСЫРДА АҚТӨБЕ УЕЗІНДЕГІ БОЛЫСТАР ЖӘНЕ БОЛЫСТЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Жарияланды 2024-03-26
ТАРИХ Нөмір 75 № 1 (2024)
№1 (2024)
Авторлар:
  • Д.М. БАҒЫНДЫҚОВА
  • Г.Б. ИЗБАСАРОВА
PDF

Бүгінгі таңда, қазақ халқының «Жаңа Қазақстан» құру жолында ұлттық жаңаруы мен тәуелсіздігіміздің нық берік қалыптасу жолында, тарихымыздың кейбір кемшіл тұстарын толықтырып, тарихи шындықтарды қалпына келтірудің маңыздылығы артуда. Сол бір кемшіл тұстарының бірі ХІХ ғ. Патша үкіметінің қазақ халқын жаулап алу мақсатында бір жағынан қарулы күшке, отарлау апаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы топтарына сүйеніп өз жұмыстарын жүргізген саясаты болатын. Ресей империясының құрамындағы Қазақстандағы басқару жүйесін дамыту мәселесі отандық тарих ғылымында өзекті болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі дәстүрлі билік институттарын зерттеуге деген қызығушылықтың артуына байланысты туындап отыр. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалар көшпелі қауымдардың басқару тетіктерін өзгерткен болатын.
Бұл мақалада Патша үкіметінің еңгізген реформаларынан кейінгі Ақтөбе уезіндегі әкімшілік басқару құрылымындағы болыстардың рөлі және олардың маңыздылығы туралы зерделенеді. Бұрын жарияланбаған мұрағат құжаттарына сүйене отырып, мақалада Ресей империясының далалық өлкелерінің байырғы тұрғындарының қазақ даласында 1868 жылғы әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы нақты бір жағдайы қарастырылады. Зерттеу жұмысында 1881-1883, 1884, 1899 жылдардағы Ақтөбе уезіндегі болыстардың тізімі
мұрағат құжаттары бойынша берілген. 

Д.М. БАҒЫНДЫҚОВА

Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе

e-mail: bagindikova.d@mail.ru  https://orcid.org/0009-0005-1203-9118

Г.Б. ИЗБАСАРОВА

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе

e-mail:  izbassarovagulbanu@gmail.com  https://orcid.org/0000-0002-4123-7501

  1. Әбенова Б. 1868 жылғы әкімшілік реформа және Орынбор өлкесі – Ақтөбе өлкесі, 2006 ж. – 27 б.
  2. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления. Астана, 1997. 3.Материалы по истории государства и права Казахстана (вторая половина ХІХ – начало ХХ веков). –Алматы: Атамұра, 1994. – 284 с.
  3. Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк//Известия Ор. Отд. ИРГО.-Вып.17 ….-С.492
  4. Материалы по киргизскому землепользованию. Тургайская область: Актюбинский уезд. Т.7, Воронеж, 1903.
  5. ЦГА РК, ф.25, оп.1, д.457.
  6. ЦГА РК, ф.25, оп.1, д.471.
  7. Султангалиева Г.С. Институт волостных в системе управления казахской степью (ХIX-началоXX вв.). Алматы, 2018.
  8. Тургайские областные ведомости, 21 апреля 1894, №16, 17. DOI: https://doi.org/10.1038/scientificamerican01011894-16fbuild
  9. Памятная книжка Тургайской области 1899 года. Издание Тургайского областного статистического комитета, Оренбург.
  10. ЦГА РК, ф.25, оп.1, д.274.
  11. ЦГА РК, ф.25, оп.1, д.562. 27 p.
әкімшілік реформа, болыстар, басқару жүйесі, Ақтөбе уезі, Ресей империясы, билік жүйесі.