Мақалада экономиканың қарыштап дамуының салдарынан Мұғалжар тауының өсімдіктері зардап шегуде, яғни табиғаттың берген сыйына жауапсыздық танытып, зиян келтіруде екенін баяндаған. Бұл мәселені дер кезінде қолға алмасақ, болашақта табиғат өзіне тән сұлулылығы мен өсімдік қорларынан зардап шексе, оны орнына қайта келтіру оңайға соқпайтыны баршамызға белгілі.Зерттелген аймақта экологофитоценотикалық талдау бойынша далалы өсімдіктер түрлері басым, бірақ орманды өсімдіктердің түрлеріде жақсы сақталған. Бүлінген табиғатты қайта қалпына келтіру мүмкін емес Алдағы уақытта осы жіберген қателіктерді түсініп, қорғау шаралары ұйымдастырылып, биоалуантүрлілігі сақталуын қамтамасыз ету, Мұғалжар тауларының етегінде ұсақ тас өндірумен айналысатын бірнеше шағын кәсіпорындардың экологиялық нормаларды орындауын қадағалу қажет.
МҰҒАЛЖАР ТАУЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ЖАМЫЛҒЫСЫНА АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
ареал, флора, эволюциялық даму, экология, антропогенді фактор, полигон.
МҰҒАЛЖАР ТАУЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ЖАМЫЛҒЫСЫНА АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/233