ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕЗІМ ЛЕКСИКАСЫ

Жарияланды 2024-07-05
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 66 № 4 (2021)
№4 (2021)
Авторлар:
  • C.A. САДЫКОВА
  • Ж.Б. УСПАНОВА
PDF

Берілген мақала сезім феноменін зерттей келе, оның тұлғаның тілдік аспектісіндегі көрінісін суреттейді және осы қолданыс барысында жүзеге асатын процестерді саралайды. Сезім аспектісінің әдеби шығармаларда кездесетін түрлеріне анализ жасалынады. Сонымен қатар, сезімнің тілде бейнеленудегі лингвистикалық сипаты айқындалған, қазақ және ағылшын тілдеріндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталған, сезім құбылыс ретінде сапалық белгілеріне қарай топтастырылып, оларды білдірудің тілдік құралдары
анықталған. Түрлі жанрдағы мәтіндер тіл тұрғысынан талданып, сезімді білдіретін мағыналарға талдау жасалынған. Сезім құбылысын тіл білімінің бүгінгі даму деңгейі тұрғысынан саралап, адам факторының тілдегі көрінісі секілді өзекті мәселелерді қозғайды. Тілдің қызметтерін оның сезім білдірушілік қызметімен бірлікте қарастырады, тілдің осы мақсатта жалпы құрал ретіндегі мәнін жан-жақты ашады. Адамның дүниетанымы, түрлі сезімдік күйі, көркемдік әлемі және ұлттық болмысының тілдегі көрінісін айқындайды. Тіл білімінде сезімдерді білдіретін тілдік құбылыстарды зерттеудің өзіндік қиыншылықтары мен проблемаларын зерттеп, олардың негізгілерінің ара-жігін ашады. Берілген зерттеу жұмысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі сезімдерді білдіретін тілдік құрылымдардың мысалдары ұсынылған. Бұл құбылысты зерттеу жазушыларға, ақындарға, лингвисттер мен басқа да шығармашылық мамандарына сезім лексикасын тілге тиек етуде алғышарттық түсінік береді.

  1. Алпатов В.М. История лингвистических учений / В.М. Алпатов. – Москва, 1999. – 200 с.
  2. Выготский Л.С. Мышление и речь. Избранные психологические исследования. / Л.С. Выготский. – Москва.: АПН РСФСР, 1956. – 53 с.
  3. Сәкен С.И., Сәрсек Н.Ә. Дала фольклорының антологиясы: Он томдық / Сәкен С.И., Сәрсеке Н.Ә. – Алматы: Brand Book, Т.2., 2019. – 572 б.
  4. Нұрманов А. Солай болған екен. / А.Нұрманов – Алматы: Раритет, 2005. – 224 б.
  5. Уфимцева А.А. Двойственность природы речеязыковой способности человека / А.А. Уфимцева // Психологический журнал. 2004. – № 2.C – 5–16.
  6. О’Коннор Ф. Хорошего человека найти нелегко: Рассказы. М.: Прогресс, 1974. – 361с.
  7. Godden M. «Biblical Literature Тhe Old Testament». The Cambridge Companion to Old English Literature. Cambridge University Press, 2013.
сезім, құбылыс, лексика, тіл аспектісі, әдебиет, тіл жанрлары, сезімдер сипаты, эмоция