АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУРУШАҢДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СЕБЕПТЕРІН ТАЛДАУ

cover
Жарияланды 2024-07-02
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 59 № 1 (2020)
№1 (2020)
Авторлар:
  • Ж.Ж. КУКЕНОВ
PDF (Russian)

Өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы ұлттың, тұтастай елдің денсаулығын қамтып көрсетеді,
халықтың ұзақ өмір сүруін болжауға мүмкіндік береді, ол тек биологиялық қана емес сондай-ақ әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді сипаттайтындықтан бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жасөспірімдер арасында кездесетін аурулардың ауқымды бөлігін көру қызметінің бұзылуы алады. Бұл
аурудың кең таралуына бірнеше себептер тән. Ғаламдық компьютерлену үрдісімен байланысты компьютердің
адам ағзасына физиологиялық - психологиялық әсері, әсіресе, оның көздің көру қабілетінің нашарлауына
тікелей әсері бар екендігі анықталып отыр. Шектен тыс ақпараттық жүктемелер көзге кері әсерін тигізіп,
күрделі аурулар мен ауытқуларға әкеліп соқтыруда.

неврология, эндокринология, аллергия, сколиоз, күн тәртібі