Мақалада қазіргі американдық тарихшылардың Ресей империясының исламға қатысты конфессиялық саясаты туралы тұжырымдамалық көзқарастары қарастырылады. «Жаңа империялық тарих» тұрғысынан зерттейтін американдық тарихшылардың ғылыми еңбектері зерттеу нысаны болып табылады. Осы тұрғыдан қарастырудың нәтижесінде империя билігі мен басқару моделінің теориялық жағын қарастыру мүмкіндігі туады. Қарастырылып отырған американдық ғалымдар мұсылман конфессиясының институциялануы және ислам рөлін көтеру мәселелері империя кеңістігіне интеграциялау мақсатында іске асырылғандығын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, олар түркі-мұсылман халықтарына қатысты Ресей империясының конфессиялық саясатын іске асырудың маңызды кезеңдері мен аспектілерінің сыртқы және ішкі саяси факторлардың ықпалымен өзгеріске ұшырап отыруына өз сипаттамасын береді. Ресей империясының ұлттық мемлекет ретінде қалыптасуы барысындағы ислам жағдайының американдық ғалымдардың еңбектерінде қаншалықты деңгейде көрініс тапқанына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, американдық зерттеушілердің жұмыстарында діни бірегейліктің ұлттық бірегейлік ретіндегі Ресей империясының діни саясатындағы орны қарастырылып зерделенеді. Қорытындыда қарастырылып отырған мәселенің нәтижелері жасалып, одан әрі зерттеу мақсатында
оның проблемалық тұстары анықталады. Ресей империясының исламға қатысты конфессиялық саясатының тарихына қатысты авторлық тұжырымдаманың мәні ашылады.
- Werth P. The tsar’s foreign faiths: Toleration and the fate of religious freedom in imperial Russia / P. Werth. – Oxford, N.Y.: Oxford University Press, 2014. – 288 p.
- Crews R. For prophet and tsar: Islam and empire in Russia and Central Asia / R. Crews. – Cambridge: Harvard University Press, 2006. – 463 p.3. Of religion and empire: Missions, conversion, and tolerance in tsarist Russia. / Ed. by Geraci R.P., Khodarkovsky M. – Ithaca: Cornell University Press, 2001. – 363 p.
- Mostashari F. On religious frontier: Tsarist Russia and Islam in the Caucasus / F. Mostashari. – London, N.Y.: I.B. Tauris, 2006. – 203 p.
- Geraci R. P. Window on the East: National and Imperial Identities in Late Tsarist Russia / R. P. Geraci. – Ithaca, London: Cornell University Press, 2001. – 378 p.
- Werth P. At the margins of orthodoxy: Mission, governance, and confessional politics in Russia's Volga-Kama region, 1827–1905 / P. Werth. – Ithaca: Cornell University Press, 2002. – 275 p.
- Campbell E. The Muslim question and Russian imperial governance / E. Campbell. – Bloomington: Indiana University Press, 2015. – 298 p.
- Tuna M. Imerial Russsia’s Muslims: Islam, Empire and European Modernity, 1788-1914 / M. Tuna. – Cambridge: Cambridge University Press, 2015. – 292 p.
- Brower D. Turkestan and the fate of the Russian empire / D. Brower. – N. Y.: Routledge Curzon, 2003. – 213 p.
- Sahadeo J. Russian colonial society in Tashkent, 1865–1923 / J. Sahadeo. – Bloomington: Indiana University Press, 2007. – 316 p.