ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ

Жарияланды 2024-07-04
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • Ж. БАЙШУКУРОВА
PDF (Russian)

Елдегі саяси ахуалдың өзгеруі, яғни, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту - әсіресе еңбек нарығындағы мәселелерді шиеленістірді. Жұмыспен қамтудағы тұрақсыздық, еңбекақының төмендігі, еңбек шарты мен құқығының дұрыс сақталмауы, қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайы - жұмыссыздық деңгейін арттыра түсті. Жұмыссыздықтың салдарынан түрлі әлеуметтік мәселелер асқынып, әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай келеді. Сондықтан да, жұмыссыздық – қазіргі таңда әлеуметтік «дерт» болып саналады.
Осыған байланысты мақалада елдің тәуелсіздігімен және нарықтық қатынастардың заңдылықтарымен байланысты әйелдердің қоғамдағы орны мен ролі, олардың жұмыссыздығы мәселесі туралы баяндалған.
Жұмыссыздық және әйелдер жұмыссыздығы зерттеліп, анықтама берілген. Ғалымдардың әлеуметтік зерттеу материалдарын жан-жақты талдау негізінде қазіргі қоғамдағы әйелдер жұмыссыздығына тән бірқатар белгілер анықталған.
Жұмыссыз халықтың гендерлік құрылымы бойынша талдау жасалған. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы бойынша жұмыссыз халық пен жұмыссыздық деңгейіндегі әйелдердің үлесі, жұмыспен қамтылмау себептері бойынша жұмыссыз әйелдер динамикасы, білім деңгейі бойынша жұмыссыз халық санындағы әйелдер жұмыссыздығына талдау жасалған. Тіркелген жұмыссыз әйелдердің білім деңгейінің
ерекшеліктері қарастырылған. Мұнан бөлек, еңбек нарығының құрамдас бөлігі ретінде әйелдер жұмыссыздығының әлеуметтік – экономикалық салдары, еңбек нарығындағы маңызы мен қысымы зерттелген.

жұмыссыздық, дискриминация, әйелдер жұмыссыздығы, теңсіздік, еңбек нарығы, жұмыссыздықтың себептері, жұмыссыздық факторлары.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 63(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/116

Жүктеу сілтемесі