Мақала «Алимак» кешенін тау-кен кеніштері үшін пайдалану «Терең ұңғымалар арқылы кенді қабат-қабатпен жарып, жарылыс күшімен жеткізумен ішкі деңгейлі қабатаралық кенүңгірлі жүйе» қарастырылады. Кенді алу кен денесінің қапталынан шегіну тәртібімен жүргізіледі. Блокты қазу өрлемелерді бұрғылау арқылы қосарланған кесінділермен орындалады. Алимак кешенін пайдалану кезіндегі өндіру циклі кенді уатуда бөлшектеуден және монорельсті желінің созылымы бойымен жұмыс бетінің ілгерілеуінің артына жылжыту жұмысының жиынтығынан тұрады. «Алимак» кешенін қолдану өндіру блогының немесе қазу бірлігінің өнімділігін артуымен негізделеді. Сондай-ақ кенді жару күшімен блок түбіне жеткізу үшін терең ұңғымаларды пайдалануда тілмелеу жұмыстарының көлемі азаяды. Өңдеу блогының биіктігін 120 м дейін арттыруға болады. Деңгейжиектер арасындағы қашықтықты желілердің көтерілуіне сәйкес 120 м дейін қабылдауға мүмкіндік береді.
«АҚБАҚАЙ» АЛТЫН КЕН ОРНЫНДАҒЫ «АЛИМАК» КЕШЕНІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
алтын кен орындары, инновациялық технологиялар, қазу жүйесі, Алимак, кен, ашу аршу жумыстары, өндіру, кенді уату
«АҚБАҚАЙ» АЛТЫН КЕН ОРНЫНДАҒЫ «АЛИМАК» КЕШЕНІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 74(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/101