ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАРЫ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды 2026-03-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • АМАНИЯЗОВА Б.А.
PDF

Бұл мақала қазіргі жаһандану, цифрландыру және әлеуметтік дамудың жеделдеуі жағдайында жастардың дүниетанымдық бағдарларының қалыптасу ерекшеліктерін философиялық тұрғыдан талдауға арналған. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде қоғамдағы экономикалық, саяси және мәдени өзгерістерге аса сезімтал болып келеді, сол себепті олардың құндылықтар жүйесі мен өмірлік ұстанымдары әлеуметтік трансформациялармен тікелей байланыста қалыптасады. Зерттеуде дүниетаным жеке тұлғаның әлемге, қоғамға және ондағы өз орнына қатысты көзқарастарының тұтас жүйесі ретінде қарастырылады. Әсіресе цифрлық медиа, жаңа коммуникациялық формалар мен виртуалды кеңістіктің жастар санасы мен құндылықтық бағдарларына әсеріне ерекше назар аударылады. Мақалада жастық шақтың әлеуметтік-философиялық мәні, «жастар» ұғымының әртүрлі теориялық түсіндірмелері және дүниетанымның аксиологиялық қырлары жүйелі түрде талданады. Зерттеу нәтижелері қазіргі жастар дүниетанымының синтетикалық сипатта екенін, яғни дәстүрлі гуманистік құндылықтар мен заманауи цифрлық мәдениеттің ықпалы тоғысқан күрделі феномен екенін көрсетеді. Автор жастардың дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруда білім беру, мәдениет және медианың шешуші рөлін атап өтеді.

Мақаланың мақсаты - жастардың дүниетанымдық бағдарларын философиялық тұрғыдан талдау және цифрлық қоғам жағдайында олардың қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды айқындау.

АМАНИЯЗОВА Б.А.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: bagdagul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952

  1. Лупандин В. Н. Социология молодёжи: учебное пособие. – Орёл, 2011. – 238 с.
  2. Социология молодежи / под ред. В. Т. Лисовского. – Санкт-Петербург: Изд-во СПбГУ, 1996. – 256 с.
  3. Кон И. С. Психология юношеского возраста: проблемы формирования личности. – Москва: Просвещение, 1979. – 175 с.
  4. Saparova D., Kanagatova A. The prefigurative culture of Margaret Mead or the eternal problem of generation gap [Electronic resource]. – URL: https://bulletin-religious.kaznu.kz/index.php/relig/article/view/186/173 (date of request: 09.02.2026).
  5. Бурнашев Р.Ф. Философские аспекты цифровой этики в эпоху технологического прогресса // Universum: общественные науки : электрон. научн. журн. 2023. 12(103). URL: https://7universum.com/ru/social/archive/item/16461
  6. Белобрагина А.С. Цифровой гуманизм:между апологией и критикой философской концепции // Философия и культура. 2025. № 9. DOI: 10.7256/2454-0757.2025.9.75779 EDN:YROSXS URL:https://nbpublish.com/library_read_article.php?id=75779
жастар, дүниетаным, құндылықтар, цифрлық медиа, жаһандану, философиялық талдау