ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ МӘДЕНИ-САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ КЕҢІСТІГІ: БІЛІМ МЕН ТҰЛҒА ҮЙЛЕСІМІ

Жарияланды 2026-03-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • АМАНИЯЗОВА Б.А.
PDF

Бұл ғылыми мақалада XXI ғасырдағы жаһандану, цифрландыру және медиа мәдениеттің жастардың мәдени және саяси әлеуметтену процесіне ықпалы гуманитарлық тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында әлеуметтенудің теориялық негіздері классикалық және қазіргі заманғы социологиялық және философиялық еңбектер негізінде қарастырылды. Автор жастардың мәдени және саяси әлеуметтенуін білім беру жүйесінің, медиа кеңістіктің және әлеуметтік ортаның өзара ықпалдастығы нәтижесінде қалыптасатын көпқырлы құбылыс ретінде сипаттайды.

Мақалада жоғары және орта білім беру мекемелерінің жастардың рухани, мәдени және азаматтық дамуына әсері айқындалып, гуманитарлық пәндердің (философия, мәдениеттану, саясаттану, этика) әлеуметтенудегі маңызы негізделген. Сонымен қатар, цифрлық медиа жастардың жаңа әлеуметтену алаңына айналғанымен, мәдени сәйкестік пен ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан тәуекелдер де бар екені атап өтілді. Зерттеу нәтижелері бойынша жастардың мәдени және саяси әлеуметтенуі тек қоғамға бейімделу емес, тұлғаның өзін-өзі тануы мен рухани дамуының, азаматтық жауапкершіліктің қалыптасуының құралы екені тұжырымдалды.

Мақалада гуманитарлық білімнің мазмұнын күшейту, студенттік азаматтық белсенділікті арттыру, медиа сауаттылықты дамыту және білім беру мен мәдени институттардың өзара байланысын нығайту қажеттігі ұсынылады. Бұл бағыттар жастардың ұлттық және азаматтық бірегейлігін сақтауға, қоғамның мәдени тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

АМАНИЯЗОВА Б.А.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: baqdaqul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952

  1. Ярцева Е. А. Социализация молодёжи в современном обществе // Евразийский Союз Ученых (ЕСУ). Социологические науки. – 2015. – № 9. – С. 105–107.
  2. Коряковцева О. А. Политическая социализация молодёжи в образовании РФ // Среднерусский вестник общественных наук. Политология: актуальные аспекты. – 2008. – № 4. – С. 64–67.
  3. Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности: трактат по социологии знания. – М.: Медиум, 1995. – 323 с.
  4. Хусяинов Т. М. Основные тенденции социализации молодёжи в современной России: теоретический анализ. – 2017. – Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/osnovnye-tendentsii-sotsializatsii-molodezhi-v-sovremennoy-rossii-teoreticheskiy-analiz
  5. Трубина Г. Ф. Отечественный опыт социализации молодёжи: история и современные подходы // Педагогическое образование в России. – 2018. – № 10. – С. 44–53.
жастар әлеуметтенуі, мәдени әлеуметтену, саяси әлеуметтену, медиа мәдениет, цифрландыру, білім беру жүйесі