ҚАЙЫР БЕКТҰРҒАНОВТЫҢ “БІР ҒАСЫР ҚҰПИЯСЫ” ӘҢГІМЕСІНДЕГІ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

Жарияланды 2025-12-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 82 № 4 (2025)
Том 82 №4 (2025)
Авторлар:
  • МУТИЕВ З.Ж.
  • КУЛЬБАЕВА А.А.
PDF

Мақалада Қайыр Бектұрғановтың «Бір ғасыр құпиясы» атты шығармасы қазіргі қазақ прозасының көркемдік-эстетикалық кеңістігінде тарихи жады мен адам санасы арасындағы байланыс феноменін бейнелеген туынды ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – шығарма құрылымындағы тарихи және экзистенциалдық уақыттың арақатынасын, архетиптік бейнелер мен символдық детальдардың мағыналық жүктемесін, автордың неомодернистік және постреалистік ойлау жүйесінің ерекшеліктерін айқындау. Әңгіме шағын көлеміне қарамастан, мазмұндық және идеялық тұрғыдан күрделі, көпқабатты поэтикалық құрылымға ие. Онда адамның ішкі әлемі мен тарихи кеңістіктің бірлігі психологиялық рефлексия және философиялық интерпретация тәсілдері арқылы ашылады.

Шығармадағы Махамбет бейнесі тарихи тұлға ғана емес, ұлттық рух пен еркіндіктің символы ретінде көрінеді. Жазушы жеке адамның рухани ізденісін ұжымдық жад деңгейіне көтеріп, уақыт пен сана арасындағы диалектикалық байланысты көрсетеді. Зерттеу барысында көркемдік, салыстырмалы, мифопоэтикалық және контекстуалдық талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Бұл тәсілдер арқылы автордың тілдік-стильдік ерекшелігі, символдық жүйесі мен эстетикалық көзқарасы анықталды.

«Бір ғасыр құпиясы» әңгімесінің көркемдік табиғаты уақыт пен кеңістікті философиялық категория ретінде қарастыруымен, адам санасындағы тарихи жара мен ұжымдық естің бейнеленуімен ерекшеленеді. Әңгімедегі шаң, жарық, үнсіздік, жол, терезе сияқты көркем детальдар мәтіннің астарлы мағына жүйесін түзіп, оқырманды рефлексия мен танымдық ізденіске итермелейді.

Зерттеу нәтижесінде Қайыр Бектұрғановтың прозасы қазіргі қазақ әдебиетінде когнитивтік және символдық бағыттағы жаңа эстетикалық парадигманы қалыптастырып отырғаны дәлелденді. «Бір ғасыр құпиясы» — тарихи-психологиялық мазмұны терең, ұлттық жад пен рухани сабақтастық идеясын көркемдік деңгейде жаңаша пайымдаған туынды.

МУТИЕВ З.Ж.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

E-mail: zinulla_mutiev@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4121-4171

КУЛЬБАЕВА А.А.

2-курс магистранты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

E-mail: ainkullbaeva@gmail.com, https://orcid.org/0009-0008-7187-9477

  1. Poe E. A. The Philosophy of Composition. – Graham’s Magazine, 1846.
  2. Hemingway E. Death in the Afternoon. – New York: Scribner, 1932. – 358 p.
  3. Кекілбаев Ә. Шыңырау. – Алматы: Өлке, 2000. – 220 б.
  4. Әбдік Т. Парасат майданы. – Алматы: Қазығұрт, 2003. – 128 б.
  5. Márquez G. G. One Hundred Years of Solitude. – New York: Harper & Row, 1970. – 417 p.
  6. Kafka F. The Metamorphosis and Other Stories. – London: Penguin Classics, 2007. – 224 p.
  7. Proust M. À la recherche du temps perdu (In Search of Lost Time). – Paris: Gallimard, 1913–1927
Қайыр Бектұрғанов, бір ғасыр құпиясы, неомодернизм, постклассикалық проза, психологиялық нарратив, фрагментарлық баяндау, сана поэтикасы, қазақ әдебиетінің жаңа бағыты