Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы автор позициясы мен нарратор мәселелері қарастырылған. Қазіргі қазақ прозасындағы тенденциялар автор позициясында қарастыруды қажет етеді. Автор позициясы мен нарраторды анықтау бүгінгі қазақ әдебиеттануындағы нарратологиялық теорияларды зерттеудің қажеттігін көрсетеді. Нарратор баяндаушы инстанция ретінде автор позициясында немесе субъективтілік тұрғысында туындыдағы кейіпкер ретінде сомдалуымен ерекшеленеді. Автор-нарратор-кейіпкер үштігі қазіргі көркем прозада талданып, автор позициясы мен нарратор-кейіпкер тұтастығы анықталды. Әдебиеттану теориясындағы ұғымдарды салыстыра келе, авторға қатысты теориялар автор позициясы аясында талданды. Автордың көркемдік әлемін танытып, шеберлігін анықтауда автор позициясы маңызды қызмет атқарады.
Постструктуралистік тұжырымдарға сәйкес автор мен нарратор бөлек қарастырылады. Бұған қарамастан автор көркемдік әлемнің негізінде нарратормен тұтастықта анықталады. Зерттеудің құндылығы автор теориясына қатысты түсініктердің өзара жіктелімде берілуінен көрінеді. Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы автор позициясы мен нарратор түсінігі автор теориясының даму динамикасы анықталып, зерттеудің теориялық негізін құрайды. Зерттеу барысында Б.Қадыр, Д.Жылқыбай, Ә.Жақсылық туындылары талданып, автор позициясында интенцияның маңыздылығы практикалық маңыздылықты көрсетеді. Автор тарапынан қолданыс тапқан әдіс-тәсілдер, әдеби ағымдар авторлық позицияны, суреткерлік шеберлікті айқындай түседі.
НАЖИЙЕ Й.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті, Анкара қ., Түркия.
Е-mail: yildiz.naciye@hbv.edu.tr, https://orcid.org/0000-0002-8351-4538
КУШКИМБАЕВА А.С.
PhD, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: Alitok@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5546-4513
УМИРБАЕВ А.С.
Докторант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: aibat.umirbayev@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5231-0471
- Orazbek M.S. Korkem prozadagy shygarmashylyq tulga men avtorlyq pozisianyn araqatynasy (1980-2000 jyldar adebietı boiynsha) 10.01.02 – Qazaq adebietı. F.g.d. gylymi darezhesin alu ushin daiyndalgan disertasianyn avtoreferaty. – Almaty, 2007. – 44 b.
- Vinogradov V.V. O teorii hudozhestvennoj rechi. – 2-e izd., ispr. – M.: Vyssh. shk., 2005. – 286 s.
- Bahtin M. Jestetika slovesnogo tvorchestva. – M.: Rugram, 2013. – 444 s.
- Baitursynuly A. Adebiet tanytqysh. – Almaty: Atamura, 2003. – 208 b.
- Qambarova G.S., Jumaqaeva B.D., Tolysbaeva A.T. Adebiettanu gylymyndagy avtor teoriasynyn damu orіsі: otkenі men bugіnі // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2023. – №3(129). – P. 147-161. https://doi.org/10.47526/2023-3/2664-0686.11
- Ryan M.-L. Pragmatics of Personal and Impersonal Fiction // Poetics. 1981. Vol. 10. P. 517-539.
- Aizhan, Z., Saulesh, A., Karlygash, B., & Aiymgul, S. (2025). Narrative Model in Mukhtar Magauin’s Novel «Kipchak Aruy» // Eurasian Journal of Applied Linguistics, 11(1), 297-306. Doi: https://doi.org/10.32601/ejal.11125
- Dawson P. «Real Authors and Real Readers: Omniscient Narration and a Discursive Approach to the Narrative Communication Model» // Journal of Narrative Theory, (2012), 42(1), 91-116.
- Qadyr B. Jasyl şatyrlar [Elektrondy resurs] URL: https://qazaqadebieti.kz/25292/ba-ytbek-adyr-zhasyl-shatyrlar (Qarağan uaqyty: 01.10.2025)
- Jylqybai D. Kvant [Elektrondy resurs] URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/dosxan-zylqybai-kvant__21862 (Qarağan uaqyty: 01.10.2025)
- Aituganova S.Sh., Sarsembayeva S.A. The artistic activity of the simulacrum in modern kazakh short stories (based on the stories of D.Zhylkybai) // Bulletin of the Eurasian Humanities Institute, 1, 2025, 100-109 https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-1.10
- Jaqsylyq A. Notr-Damda kulshylyk jasau kerek pe? – Almaty: AR, 2023. – 144 b.
