Экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында Қазақстанның қаржылық жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізудің маңызы ерекше. Интеллектуалды алгоритмдерді қолдану операциялардың тиімділігін арттыруға, транзакциялық шығындарды азайтуға және қаржылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Мақалада ЖИ-дің банк және қаржы салаларындағы негізгі қолдану бағыттары қарастырылады, соның ішінде кредиттік скорингті автоматтандыру, тәуекелдерді басқару, алаяқтықтың алдын алу, цифрлық банкингті дамыту және дербестендірілген қаржылық қызметтерді енгізу.
Халықаралық тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізіліп, ЖИ-ді ұлттық қаржы инфрақұрылымына енгізу перспективалары анықталған. Ерекше назар цифрлық теңге жобасына, «Астана» халықаралық қаржы орталығының бастамаларына және реттеушілік пен қадағалау функцияларын жетілдіруде ЖИ-ді пайдалану мүмкіндіктеріне аударылған. Артықшылықтарымен қатар киберқауіптер, жеке деректерді қорғау, бірыңғай реттеу стандарттарының болмауы және білікті кадрлардың тапшылығы сияқты негізгі қиындықтар көрсетілген.
Зерттеу нәтижелері ЖИ-ді кешенді енгізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырып, оның тұрақтылығы мен инновациялық дамуын қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Қорытындыда цифрлық трансформацияны жеделдетуге және Қазақстанның халықаралық қаржылық архитектурадағы позициясын нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар берілген.
ДЖУСУПОВА Р.Ж.
Магистрант, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан
Е-mail: raushan.dzhusupova@gmail.com, https://orcid.org/0009-0004-8017-3151
ДЖУСУПОВ А.С.
Магистрант, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан
Е-mail: das-031182@mail.ru, https://orcid.org/0009-0008-2094-7951
КАЗАМБАЕВА А.М.
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Орал қ., Қазақстан
Е-mail: aigul_km@bk.ru, https://orcid.org/0000-0002-9947-4227
- Национальный банк Республики Казахстан. Цифровой тенге: концепция внедрения. – Астана, 2023. – 45 с.
- Astana International Financial Centre (AIFC). Annual Report 2022. – Astana: AIFC, 2023. – 120 p.
- Brynjolfsson E., McAfee A. The Business of Artificial Intelligence. – Harvard Business Review, 2017. – 15 p.
- PwC. Global Artificial Intelligence Study: Exploiting the AI Revolution. – London: PwC, 2018. – 42 p.
- World Economic Forum. The Future of Financial Services: How Disruptive Innovations Are Reshaping the Way Financial Services Are Structured, Provisioned and Consumed. – Geneva: WEF, 2015. – 80 p.
- Deloitte. AI and Risk Management in Financial Services. – New York: Deloitte Insights, 2021. – 35 p.
- Tapscott D., Tapscott A. Blockchain Revolution: How the Technology Behind Bitcoin and Other Cryptocurrencies is Changing the World. – New York: Penguin, 2018. – 368 p.
- OECD. Artificial Intelligence in Society. – Paris: OECD Publishing, 2019. – 150 p.
- McKinsey & Company. The State of AI in 2023. – New York: McKinsey Global Institute, 2023. – 60 p.
- Ермекбаев К.Ж. Искусственный интеллект и цифровизация экономики Казахстана // Экономика и статистика. – 2022. – №2. – С. 45–52.
- Смирнов А.А. Финансовые технологии и искусственный интеллект: перспективы развития // Финансы и кредит. – 2021. – №8. – С. 12–19.
- AIFC Fintech Hub. Fintech Ecosystem Overview in Kazakhstan. – Astana: AIFC, 2022. – 50 p
