Мақалада тарихты оқытудағы мультимедиялық материалдарды қолдану және оның тиімділігі ұсынылады. Мақаланың мақсаты оқушының сабақты оқуға деген ынтасын қалыптастырып, тарих пәні мұғалімдерінің жұмысын барынша цифрландыру. Сонымен қатар, автор, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында Жасанды Интеллект көмегімен сабақты түрлендіріп өткізу жолдарын көрсеткен. ЖИ қолдану тек тарих пәнінде ғана емес, басқа пәндермен де байланыста (География, Информатика) жүзеге асырылады. Мақалада ақпараттық білім беру ортасында Жасанды Интеллект пен анимациялық бейнелерді қолданудың тиімділігі қарастырылған. Орта буын оқушыларын оқыту процесінде қолданылатын Жасанды интеллект пен оның қосымша құралдарға назар аударылған. Мектеп оқушыларының сабақ оқуға деген қызығушылығының төмендеуінің себептерін көрсете отырып, оның шешу жолдарын ұсынады. Автор, мақалада тақырыпты ашу барысында мәселе бойынша жарық көрген ғылыми әдістемелік мақалаларға талдау жасайды.
Зерттеудегі болжамы, егерде оқытушылар сабақ беру процесінде АКТ мен мультимедиялық материалдарды тиімді қолданатын болса, бұл оқушылардың ақпаратты қабылдай білу қабілетін арттырып, сабақты одан әрі қызықты әрі тиімді қылады. Зерттеу нәтижесі бойынша тарихты оқыту барысында ЖИ тің қосымша құралдары арқылы 3D карталар жасау арқылы иллюстративті материалдарды қолдану және тарихи оқиғаларды жаңа платформалардың көмегімен ұйымдастыру сабақ беру процесін тиімді және нәтижелі етеді.
ЕСПЕНБЕТОВА А.М.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: aikami@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0026-9678
БАЙЫМБЕТОВА Н.Р.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: nazik.ruslanqyzy@gmail.com, https://orcid.org/0009-0009-7381-4615
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988 [Электрондық ресурс]
- Қисымова Ә.К. Оқыту технологиялары. – Алматы, 2007. – Б. 27–28.
- Другова Е.А., Журавлева И.И., Захарова У.С., Сотникова В.Е., Яковлева К.И. Искусственный интеллект для учебной аналитики и этапы педагогического проектирования: обзор решений. Вопросы образования // Educational Studies Moscow. 2022. № 4. – C.107–153.
- Колумбаева Ш.Ж., Ланцева Т.В. (2022). Цифровые медиатехнологии и ИКТ в парадигме обучения и преподавания // Вестник КазНПУ им. Абая: Серия «Педагогические науки», №4 (76).
- Пашков М.В., Пашкова В.М. Проблемы и риски цифровизации высшего образования // Высшее образование в России. 2022. – С. 96–98.
- Патаракин Е.Д. Педагогический дизайн социальной сети Scratch // Образовательные технологии и общество (Educational Technology & Society). – 2013. – №2. – Б. 505–528.