Қазіргі футбол футболшылардың дене дайындығына, техникалық және тактикалық даярлығына жоғары талаптар қояды. Қазіргі футболда футболшыларды даярлау дене қасиеттерін, техникалық және тактикалық даярлықты дамытуға бағытталған әртүрлі әдістер мен құралдарды қамтиды.
Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер футболында дене қасиеттерін дамытуға, ойын техникасы мен тактикасын егжей-тегжейлі оқытуға және жетілдіруге, психикалық қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ футбол негіздері бойынша арнайы білімді меңгертуге бағытталған әдістеме жеткіліксіз.
Бұл мақалада 12–13 жастағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық даярлығына арналған кешенді бағдарламаның тиімділігін бағалауға бағытталған педагогикалық эксперименттің нәтижелері ұсынылған. Зерттеуге 12–13 жастағы 30 футболшы қатысты. Олар бақылау тобына (БТ, n=15) және эксперименттік топқа (ЭТ, n=15) бөлінді. Әзірленген бағдарлама төрт дәйекті блоктан тұрды: техникалық негіздер, соққы жасау техникасы, тактикалық өзара әрекеттесу және интегралдық даярлық.
Педагогикалық эксперимент 24 апта бойы (48 жаттығу сабағы) жүргізілді. Бағалау футболшылардың техникалық және тактикалық даярлығының құрамдас бөліктерін қамтитын алты тесттен тұратын кешенді пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Эксперимент аяқталғаннан кейін эксперименттік топта барлық тесттер бойынша статистикалық тұрғыдан маңызды жоғары көрсеткіштер тіркелді (p < 0,001), ал бақылау тобында тек орташа өсім байқалды.
Ең жоғары ілгерілеу тактикалық ойлауда (+39,4%), допты жонглерлеуде (+35,7%) және соққы дәлдігінде (+33,8%) байқалды. Алынған нәтижелер сабақтас әсер ету әдісін жаттығу үдерісін блоктық құрылымдаумен үйлестіре қолданудың тиімділігін растайды.
ЖИЕМБАЕВ А.Ш.
Магистр, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: azhiyembayev@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0003-5295-1465
- Чирва Б.Г. Футбол. Концепция технической и тактической подготовки футболистов. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: ТВТ Дивизион, 2019. — 352 с.
- Голомазов С.В., Чирва Б.Г. Футбол: теоретические основы и методика контроля технического мастерства. — М.: Спорт Академ Пресс, 2000 – 79 с.
- Шамардин В. Н. Система подготовки юных футболистов: учебно-методическое пособие - Днепропетровск, 2001. – 104 с.
- Дьячков В.М. Совершенствование технического мастерства спортсменов / Всесоюз. науч.-исслед. ин-т физ. культуры. Сектор теории и методики высш. спортивного мастерства. — Москва : Физкультура и спорт, 1967. — 184 с
- Лебедев С. И. Определение уровня скоростных способностей юных футболистов в возрасте от 10 до 12 лет // Педагогика, психология и медико-биологические проблемы физического воспитания и спорта. — 2013. — № 8. — С. 56–60.
- Колупанов П.П. Динамика технической подготовленности юных футболистов 1314 лет при применении методики интегральной подготовки. Перспективы и основные направления подготовки олимпийского резерва и спорта высших достижений: II международная научнопрактическая конференция (2829 июня 2010г.). Смоленск: «ПринтЭкспресс», 2010.С. 155157.
