ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2026-09-30
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • БАЛТЫМОВА М.Р.
  • БАЛТЫМОВА М.Р.
  • АЗАП С.
PDF (English)

Бұл мақалада балалар фольклорының даму тарихы, ерекшеліктері, зерттеу әдістері мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы баяндалады. Фольклор тарихын білуде тарихи зерттеулер мен этнографиялық деректерге сүйену қажеттілігі айтылады. Халық аузынан тараған фольклор үлгілерінің қазіргі заманғы үлгіде қолдану, олардың балалардың психологиясы мен қабылдау, сана-сезімдеріне сәйкестігі туралы айтылады. Қазақ балалар фольклорының тәрбие құралы ретіндегі орны көрсетіліп, мазмұны бай шығармалардың баланың талғамы мен мінез-құлқын қалыптастырудағы қызметі, ұрпақ тәрбиесіндегі жанрларға бөлінген фольклор үлгілеріне талдау жасап, оларды жинақтап, топтастырып, ауыз әдебиетінің үлгілеріне деген қызығушылықты қалыптастыру жайында айтылады. Қазақ балалар фольклоры – халық фольклорының бір саласы. Ол ұрпақ тәрбиесімен бірге қалыптасып келе жатқан кең ауқымды шығармалар тобынан тұрады. Қазақ балалар фольклоры – тілі орамды, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұны бай, халық даналығымен толықтырылған, баланың талғамын кеңейтіп, мінез-құлқын қалыптастыратын асыл мұра. Қазақ балалар фольклорының генезисін, типологиясын, поэтикасын анықтауда қазақ фольклортану ғылымының пайда болуы, қалыптасуы мен даму кезеңдеріне шолу жасалады. Қазақ ауыз әдебиетіне жүргізіле басталған күрделі зерттеулердің бастау алатын кезеңі ХІХ ғасырда рухани мұра ретінде ұрпағымызға қалған фольклор үлгілерін жинақтау жұмысы орындалып, халыққа таратылып отырған. Негізінен қазақ фольклорының  дамуы мен қалыптасуының бастауы, тарихы ерте заманнан бастап ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаудан, оларды таратудан басталған.

БАЛТЫМОВА М.Р.

PhD, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

E-mail: mbr74@mail.ru, https://orcid.org/0009-0003-5776-9902

БАЛТЫМОВА М.Р.

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, профессор м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: mbr76@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-2758-8436

АЗАП С.

PhD, Беларусь мемлекеттік университеті, Минск қ., Беларусь

E-mail: sametazap@hotmail.com, https://orcid.org/0000-0002-4047-1443

  1. Qasqabasov S. Janazyq: Är jylğy zertteuler. – Astana: «Audarma», 2002. – 584 b.
  2. Dautūly T., Matyjanov K.S. Jañyltpaştardyñ qūrylymyndağy ūiqastyñ rölı // Keruen. – 2022. – №3(76). – 17-25 bb.
  3. Qazaqtyñ tälımdık oilar antologiasy: T.1. Jyr tağylymy /Qūrast. Qaliev S., Aiubai Q. – Almaty: «Sözdık-Slovär», 2005. – 408 b.
  4. Qazaq ädebietı. Ensiklopedia. – Almaty: «Qazaqstan damu instituty», 1999. – 752 b.
  5. Töleu A. Ertegısı joq eldıñ erteñı de joq // Qazaq ädebietı. – 2018. – 17 tamyz. – 12-b.
  6. Adambaev B. Qazaq şeşenderı. – Almaty: Bılım, 2008. – 304 b.
  7. Tabyldiev Ä. Halyq tağylymy: qazaqtyñ halyq pedagogikasy jäne tärbie. – Almaty: Qazaq universitetı, 1992. – 197 b.
  8. Tabyldiev Ä. Qazaq etnopedagogikasy: oqu qūraly. – Almaty: Sanat, 2001. – 320 b.
  9. Matyjanov K. Uyz tärbie. – Almaty: Brand Book, 2023. – 268 b.
  10. Kümıs kebeje. Qazaq aqyndarynyñ balalarğa arnalğan öleñderı /Qūrast. Asqar O. – Almaty: «Balausa», 2008. – 432 b.
  11. Mukhan A., Yerdembekov B., Matyzhanov K., Isbek B. Typological characteristics of the kazakh family folklore // Utopia y Praxis Latinoamericana, 2020, 25 (Extra 6), p. 40-49, https://doi.org/10.5281/ZENODO.3987566
  12. Nazarbaev N. Tarih tolqynynda. – Almaty: «Atamūra», 1999. – 209 b.
  13. Taijanov A.T., Şöptıbaeva G.B. Bılım filosofiasy men sosiologiasy (etnomädeni aspektılerı) /Oqu-ädıstemelık qūral. – Aqtöbe, 2011. – 152 b.
фольклор, фольклор үлгілері, фольклор тарихы, балалар фольклоры, фольклортану, генезис, поэтика