Мақалада конституциялық дамудың жекелеген кезеңдерін қарастырып, 1926, 1937 және 1938 жылдардағы кеңестік конституциялардың мәтіндерін, сондай-ақ Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның, Тәуелсіздік туралы конституциялық заңның және 1993 жылғы Конституцияның мәтіндерін талдап, оларға баға береді. Авторлар жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін қолданудың дұрыстығы, мемлекеттіліктің негізгі қағидаттарын іске асыру мәселелерін көтереді. Зерттеудің мақсаты – конституциялық дамуға ретроспективті талдау жүргізу, оның негізгі бағыттарын айқындау және туындайтын проблемаларды анықтау. Зерттеудің пәнін Қазақстанның кеңестік кезеңдегі және ХХ ғасырдың 90-жылдарының бірінші жартысындағы құқықтық актілері, оларда тұжырымдалған құқықтық нормалар мен оларды іске асыру практикасы, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар құрайды. Мақаланың авторлары конституциялық дамудың негізгі кезеңдерін жүйелей отырып, Қазақстандағы конституционализмнің эволюциясы саяси құқықтық өзгерістерімен тығыз байланысты болғанын тұжырымдайды. Зерттеу барысында қазақ мемлекеттілігі кезеңіндегі дәстүрлі құқықтық институттар мен құқықтықтық ережелердің конституционализмнің қалыптасуына ықпалы, Ресей империясы құрамындағы әкімшілік құқықтық өзгерістер, Алаш қозғалысы өкілдерінің конституциялық құқықтық идеялары талданады. Мақалада жекелеген ережелердің конституциялық сабақтастығының бар екенін атап көрсетеді. Республика құрылған сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданғанға дейінгі кезеңде маңызды қоғамдық қатынастар институционалдандырылып, халықтың өзін-өзі айқындау құқығы іске асырылды, сондай-ақ демократиялық қағидаттар бекітілді.
ИСИБАЕВА Е.И.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтобе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: isibaeva.liza@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-8356-9910
АДАЕВ О.Ш.
Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: adaev.olzhas@mail.ru, https://orcid.org/0009-0008-5143-012X
- Залесны Я., Остапович И.Ю. Конституционализм в Республике Казахстан: генезис, особенности и перспективы // Антиномии. 2021. Т. 21. Вып. 3. С. 125-147.
- Тулеубаева А.Ш. Конституционные основы государственной власти и управления в Казахстане накануне и в период после распада СССР до принятия Конституции РК 1995 года // Вестник Института законодательства и правовой информации РК. 2011. № 2 (22). С. 155-158.
- Авакьян С.А. Конституционный лексикон: Государственно-правовой терминологический словарь. М.: Юстицинформ, 2015. 639 с.
- Байышев Ж.Н. Казахстан: этапы государственности. Алматы: Жеты Жаргы, 1997. 496 с.
- Калиева Р.М. «Республика Казахстан и современный мир». Астана, «Елорда», 2000.- 281 с.
- Котов А.К. Конституционное становление Казахстана как нового независимого государства // Мысль. - 2011. - № 7. - С. 5-9.
- Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 288 с.
