ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН МҰҒАЛІМДЕР

Жарияланды 2026-09-30
ТАРИХ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • БАЙБУЛСИНОВА А.С.
  • ЖАЛЕКЕНОВА Г.Т.
  • СЕРИКОВА Л.С.
PDF

Бұл мақала Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі – ХХ ғасырдың 20-50 жылдары Кеңес үкіметінің алғашқы орнаған жылдарында орын алған қазақ зиялыларын  қудалау саясатын зерттеуге арналған. Аталған кезеңдегі қазақ зиялыларының қалыптасуы мен мемлекеттік мәселелердегі көзқарастары, жеке бастарына қатысты істерде Кеңестер үкіметінің көңілінен шықпаған ұлттық интеллигенцияны, оның ішінде оқу-ағарту саласындағы қудалау саясаты ғылымда шынайы, жаңаша тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Мақалада негізінен Батыс Қазақстан облысынан шыққан сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шеккен, бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ағартушы-ұстаздар мен озық ойлы зиялы қауым өкілдері туралы баяндалған. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Казталов, Орда, Жымпиты және Қаратөбе аудандық білім беру бөлімдерінің 1937-1938 жылдардағы «кеңестік тазарту» жұмыстарының барысы зерттелген. Қуғын-сүргінге ұшыраған мұғалімдердің өмір жолы баяндалып, оларға тағылған айыптаулар, бұйрықтар, хаттамалар, жеке іс-қағаздары, ұрпақтарының жазып қалдырған естеліктері БҚО Мемлекеттік архивінен және БҚО Тарихи-өлкетану музейі қорларында сақталған мұрағаттық деректер негізінде жазылған. Зерттеу барысында олардың көбі алашорда құрамында немесе діншіл болғаны үшін қуғындалғандары анықталды. Мақалада алғаш рет қуғындалған мұғалімдердің тізімі архив құжаттары арқылы баяндалып отыр.

БАЙБУЛСИНОВА А.С.

Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

E-mail: alfia_b11@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6098-7300

ЖАЛЕКЕНОВА Г.Т.

Аға оқытушы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

E-mail: gulya_jalekenova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6655-3458

СЕРИКОВА Л.С.

Тарих ғылымдарының кандидаты, құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан

E-mail: kymbat.katiyat.97@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-3957-7531

  1. Абдрахманова Р. Л. История становления и развития народного образования Западного Казахстана (1841–1941 гг.) : дис. … канд. ист. наук — Уральск, 2010. — 109 с.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві, қор №786, тізбе.2, іс-(56) 59.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві, қор №786, тізбе.1, іс-146.
  4. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві, қор №786, тізбе.1, іс-204.
  5. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, жеке қор № 24614v.
  6. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, жеке қор № 24619v.-24620v.
  7. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, жеке қор № 26232v.-26246v.
  8. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, жеке қор № 30351к-30357к.
  9. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, жеке қор № 24230в, 24231в.
  10. Вышинский А. Я. Записка о содержании заключённых за контрреволюционные преступления в тюрьмах и исправительно-трудовых колониях, 11 марта 1937 г. [Электронный ресурс] // Исторические материалы. — URL: https://istmat.org/node/60372
  11. Нургалиева А. М. Увековечение памяти воинов-казахов в Оренбургской и Волгоградской областях Oriental Studies. — 2023. — Т. 16, № 3. — С. 483–494. — DOI: 10.22162/2619-0990-2023-67-3-483-494.
сталиндік қуғын-сүргін, Алашордалықтар, оқу-ағарту, ағартушы-мұғалімдер, «жат элемент»