DIGITAL MODELING AND AUTOMATED ANALYSIS OF LOAD-BEARING STRUCTURES OF AN INDUSTRIAL BUILDING BASED ON THE LIRA-SAPR SOFTWARE PACKAGE

Published 2026-09-30
PHYSICS-MATHEMATICS Vol. 85 No. 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Authors:
  • POSHANOVA K.ZH.
  • BEKMURATOVA L.A.
  • DUTBAYEV ZH.T.
  • ZHUMABAYEVA ZH.O.
  • UVALIYEVA G.M.
PDF (Kazakh)

Мақалада өнеркәсіптік ғимараттардың көтергіш конструкцияларын зерттеу кезінде цифрлық модельдеу және автоматтандырылған есептік талдау әдістерін қолдану мәселесі қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Астана қаласының жағдайларына арналған бір қабатты металл өңдеу цехының болат қаңқасы алынған. Негізгі назар конструкцияның цифрлық есептік моделін қалыптастыруға және оның кернеулі-деформациялық күйін ЛИРА-САПР бағдарламалық кешені арқылы автоматтандырылған түрде бағалауға бағытталған. Зерттеу барысында ғимараттың геометриялық параметрлері, конструкциялық элементтердің сипаттамалары, тұрақты және климаттық жүктемелер, сондай-ақ көпірлі кранның әсері ескерілді. Қарастырылып отырған ғимараттың өлшемдері ені бойынша 30 м, ұзындығы бойынша 66 м, биіктігі 10,3 м және бағандар қадамы 6 м болып қабылданған. Есептік модель соңғы элементтер әдісіне негізделіп құрылды. Конструкция элементтерінің қималары бірінші және екінші шекті күйлер бойынша тексерілді. Цифрлық модельдеу нәтижелері болат қаңқаның кеңістіктік қаттылығын, жалпы орнықтылығын және жекелеген элементтердің жұмыс қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері инженерлік жобалауда арнайы бағдарламалық құралдарды қолдану есептік процестерді автоматтандыруға, нәтижелердің көрнекілігін арттыруға және конструкциялық шешімдердің негізділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретінін көрсетіліп, ҚР стандарттарына сай еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі шаралары негізделді.

POSHANOVA K.ZH.

Specialist, senior lecturer, department of urban planning, M. Auezov South Kazakhstan research university, Shymkent, Kazakhstan.

E-mail: pkundyzay@mail.ru,  https://orcid.org/0009-0009-2972-0451

BEKMURATOVA L.A.

Specialist, senior lecturer, department of urban planning, M. Auezov South Kazakhstan research university, Shymkent, Kazakhstan.

E-mail: amanov.ykhtiyar@mail.ru, https://orcid.org/0009-0003-7815-355X

DUTBAYEV ZH.T.

Candidate of technical sciences, associate professor, department of transport, transport organisation and traffic, M. Auezov South Kazakhstan research university, Shymkent, Kazakhstan

Е-mail: dutbaev.69@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-7416-991X

ZHUMABAYEVA ZH.O.

Master of technical sciences, M. Auezov South Kazakhstan research university, Shymkent, Kazakhstan.

E-mail: janaru_77@bk.ru. https://orcid.org/0009-0007-8906-1801

UVALIYEVA G.M.

2nd year master's student, department of computer technologies and artificial intelligence, Sh. Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Aktau, Kazakhstan

E-mail: w_g_w@mail.ru, https://orcid.org/0009-0008-6151-0457

  1. ҚР ҚЖ 2.04-01-2017 (СП РК 2.04-01-2017). Құрылыс климатологиясы. – Астана : ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және ТТКШ істері комитеті, 2017. – 43 б.
  2. ҚР ЕЖ 1.03-101-2013. Кәсіпорын, ғимарат пен имарат құрылысының ұзақтығы мен құрылыстағы бітеме. І – бөлім* / Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті; «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Строй Проект» ЖШС әзірлеген. – Ресми басылым. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 63 б.
  3. ҚР ЕЖ 1.03-102-2014*. Кәсіпорын, ғимарат пен имараттың құрылысының ұзақтығы мен құрылыстағы бітеме. ІІ бөлім / Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті. – Ресми басылым. – Астана, 2018. – 230 б.
  4. ҚР ЕЖ 1.03-105-2013. Құрылыс алаңдарын электрмен жарықтандыруды жобалау – Ресми басылым. – Астана: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті, 2015. – 28 б.
  5. ҚР ЕЖ 1.03-106-2012*. Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы (СП РК 1.03-106-2012*. Охрана труда и техника безопасности в строительстве). – Енгізілген күні 2015-07-01 (2019 және 2020 жж. өзгертулер мен толықтырулармен). – Нұр-Сұлтан : ҚР ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті, 2020. – 115 б.
  6. ҚР ЕЖ 1.03-107-2013 / СП РК 1.03-107-2013. Металл конструкцияларды дайындау жөніндеге зауыттар мен кәсіпорындардың бояу цехтарына арналған техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария. – Ресми басылым. – Астана, 2015. – 24 б.
  7. ҚР ЕЖ 3.02-142-2014. Кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау. – Астана : ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті, 2015. – 43 б.
  8. СП РК 2.02-20-2006*. Пособие «Пожарная безопасность зданий и сооружений» (к СНиП РК 2.02-05-2002*). – Астана: Комитет по делам строительства и ЖКХ МИТ РК, 2009. — 148 с. — URL: https://new-shop.ksm.kz/media/egfntd/ntdgo/SP_RK_2.02-20-2006.pdf
  9. Юсупов А. К., Калиева М. Х. Учебно-методические указания к выполнению курсового проекта по дисциплине «Металлические конструкции»: сплошная ступенчатая стальная колонна: для студентов направления подготовки бакалавров 08.03.01-Строительство. – Махачкала: ДГТУ, 2019. – 40 с. — URL: https://dstu.ru/sveden/files/UMU_k_vypolneniyu_kursovogo_proekta_po_discipline_Metallicheskie_konstrukcii_(SSSK).pdf
  10. Томилов С. Н. Подбор сечения стальной подкрановой балки: методические указания к выполнению расчётно-графической работы по дисциплине «Строительные конструкции» для студентов специальности 270205.65 «Автомобильные дороги и аэродромы» всех форм обучения – Хабаровск: Изд-во Тихоокеан. гос. ун-та, 2010. – 19 с.
automated structural analysis, computer modelling, digital modelling, industrial building, LIRA-SAPR, load-bearing structures, steel frame

How to Cite

DIGITAL MODELING AND AUTOMATED ANALYSIS OF LOAD-BEARING STRUCTURES OF AN INDUSTRIAL BUILDING BASED ON THE LIRA-SAPR SOFTWARE PACKAGE. (2026). Scientific Journal "Bulletin of the K. Zhubanov Aktobe Regional University", 85(3), 101-112. https://doi.org/10.70239/