RAPID FORESIGHT ТЕХНОЛОГИЯСЫН АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ МЕН ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУДЕ ҚОЛДАНУ

Жарияланды 2026-09-30
ПЕДАГОГИКА Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • ЕГЕНИСОВА A.Қ.
  • ШАРИПОВА А.Б.
  • БАЯР A.
PDF (English)

Мақалада Маңғыстау облысы еңбек нарығының қажеттіліктері мен өңірлік білім беру жүйесінің мақсатты кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің өзара сәйкестігі зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын ескере отырып, кадрларды даярлаудың сапасын, өзектілігін және практикалық бағыттылығын арттыру мақсатында Foresight әдіснамасын өңірлік білім беру стандарттарына енгізу. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді үйлестіретін аралас зерттеу дизайны негізінде жүргізілді. Алдын ала кезеңде өңірге кешенді талдау жасалып, 700-ден астам респондент арасында сауалнама жүргізілді және мүдделі тараптардың өкілдерімен жартылай құрылымдалған сұхбаттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, экономика мен білім берудің түрлі секторларынан 79 сарапшының қатысуымен Rapid Foresight семинары өткізілді. Зерттеу нәтижесінде сегіз білім беру бағдарламасына талдау жасалып, олар жаңғыртылды, өңірлік 46 негізгі тренд анықталды, құзыреттерді дамытудың перспективалық бағыттары белгіленді, сондай-ақ өңірлік экономиканың ерекшеліктеріне бейімделген жаңа және перспективалы кәсіптер Атласын әзірлеу бастамасы қолға алынды. Зерттеу нәтижелері адами капиталға қажеттілікті жүйелі түрде болжауды өңірлік білім беруді жоспарлау үдерісіне тиімді интеграциялауға болатынын көрсетті. Осыған байланысты Foresight әдістерін білім беру бенчмаркингіне енгізу білім беру бағдарламаларының икемділігін арттыруға және өңір экономикасының стратегиялық қажеттіліктеріне тікелей жауап беретін жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.

ЕГЕНИСОВА A.Қ.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедарсының қауымдастырылған профессоры, Ш.Есенов атындағы  Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: almazhai66@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1568-7912

ШАРИПОВА А.Б.

Докторант, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: aigerim1.sharipova@yu.edu.kz, https://orcid.org/0009-0000-1348-1112

БАЯР A.

Профессор, Харран университеті, Шанлыурфа қ., Түркия

E-mail: adembayar80@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-8693-9523

  1. Sheljubskaja N.V. «Forsajt» – mehanizm opredelenija prioritetov formirovanija obshhestva znanij stran zapadnoj Evropy. // Problemy teorii i praktiki upravlenija. – 2004. № 2. – С. 60-65
  2. Nazarova I.R. Forsajt v issledovaniyah budushchego rossijskogo obrazovaniiya Vysshee obrazovanie v Rossii.№ 7, 2020. 22-23 s. https://cyberleninka.ru/article/n/forsayt-v-issledovaniyah-buduschego-rossiyskogo-obrazovaniya/viewer
  3. Airaksinen T. H., Halinen, I., Linturi, H. Futuribles of learning 2030: Delphi supports the reform of the core curricula in Finland. European Journal of Futures Research, 2016. 5(1). http://dx.doi.org/10.1007/s40309-016-0096-y
  4. Learn for life – Ready for the future: Refreshing our curriculum and SkillsFuture for educators. (2020). Ministry of Education, Singapore. (n.d.). [Electronic Resource]. – 2017.– URL: https://www.moe.gov.sg/news/press-releases/20200304-learn-for-life-ready-for-the-future-refreshing-our-curriculum-and-skillsfuture-for-educators (accessed: 18.08.2025)
  5. Regional'nyj atlas novyh professij [Elektronnyj resurs] // Novosti Kazahstana i mira. – 2021. – Rezhim dostupa: https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/5080134-regionalnyy-atlas-novyh-professiy.html (data obrashcheniya: 18.08.2025).
  6. Mangystau oblysynyn jana mamandyqtar men quzyretterının atlasy // «Liber» baspasy. Almaty: 2023.-86 b.
  7. Mambetova A., Kosymbaeva, Sh., Abidin, A. Razrabotka modeli sistemy ocenki jeffektivnosti regional'noj politiki po Mangistauskoj oblasti Yessenov Science Journal, 2024. 1(46), 67-72. https://ysj.yu.edu.kz/ru/ba%D2%92alau-tehnologiyasy-zh%D3%98ne-%D2%B0ltty%D2%9A-biri%D2%A2%D2%92aj-testileuge-dajyndy%D2%9A-proczesinde-%D2%9Aoldanu-%D3%98distemesi/
  8. Nurbek S., Sagatov Y., Sweeney J. Skills Technology Foresight in Practice: The Case of the Atlas of New Professions of Kazakhstan. World Futures Review, Volume 14(2-4). 106-116. https://orcid.org/0000-0002-1273-3602
  9. Kanzola A.-M., Petrakis, P.E. A Foresight Framework for the Labor Market with Special Reference to Managerial Roles – Toward Diversified Skill Portfolios. Forecasting, 2024. Volume 6. Issue 4. 985-1000. https://doi.org/10.3390/forecast6040049
  10. Mambetova A.I., Egenisova A.K., Mendalieva SH.O., Akkenzheeva A.SH., Kosymbaeva SH.I., Kayupova F.M. Forsajt-prognozirovanie rynka truda v neftekhimicheskoj i neftegazovoj otrasli. Nauchnyj zhurnal «Internauka», 2023. 27(297). http://doi.org/10.32743/26870142.2023.27.297.361993
аймақтық білім беру стандарттары, білім беру бағдарламалары, жаңа мамандықтар Атласы, кадрлар, кәсіптік бағдар беру, Маңғыстау облысы, форсайт сессиясы